Google жүргізушісіз басқарылатын көліктерін көрсетті

Google жүргізушісіз басқарылатын көліктерін көрсетті
Фото: tn.kz

Google корпорациясы жүргізушісіз басқарылатын көліктерінің дизайнын жариялады. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. 

Кішігірім автомобильдердің пішіні жарты шеңбер түрінде жасалған. Көліктердің есігінде қалалық пейзаж, саябақтардың суреттері, адамдар, гүлдер, құстар мен аттракциондар бейнеленген. Бұл эскиздер Калифорния суретшілері арасында өткен байқаудың қорытындысы бойынша таңдалған. Жеңімпаздардың әрқайсысына 500 доллардан берілді.

Айта кетейік, Google 2011 жылы құпия түрде көлік шығаратын компанияның негізін қалады. Автокөлік өндірісін Крис Армсон басқарады.

М. Бисембаева