Жаңа «iPhone» қанша тұрады?

Жаңа «iPhone» қанша тұрады?
Фото: hi-tech.mail.ru

«Tech Tastic» ақпарат көзі «Apple» компаниясының жаңа өнімдері «iPhone 6S» пен «iPhone 6S Plus» смартфондарының сатылымдағы сәйкес құнын жариялады. Ал осыған дейін «Buzzfeed» порталы жаңа смартфондар 9 қыркүйекте таныстырылатыны туралы хабарлаған болатын. 

«iPhone 6S» пен «iPhone 6S Plus» смартфондары әдеттегідей үш нұсқадағы (16,64 және 128 ГБ) жад бойынша сатылымға шығады. Бағасы да жад көлемі бойынша қымбаттай түседі. 16 ГБ «iPhone 6S» смартфоны 699 еуро тұрса, 64 ГБ - 799 еуро, жад көлемі 128 ГБ-ты құрайтыны 899 еуроға бағаланады. Ал «iPhone 6S Plus» болса «iPhone 6S» смартфонынан 100 еуроға қымбат. Яғни, 16 ГБ «iPhone 6S Plus» 799 еуро болса, 64 ГБ – 899 еуро. Жад көлемі 128 ГБ-ты құрайтыны 999 еуроға сатылмақ.

Айта кетейік, жаңа смартфон соңғы нұсқадан 0,15 мм ұзындау және 0,2 мм қалыңдау болмақ. Сондай-ақ, A9 процессоры мен 12 МП камера сапасымен жабдықталып, жедел жад 2 ГБ-ға ие болмақ. Смартфоның кейбір нұсқаларының экраны жақұтпен безендірілсе, тағы біреулерінің корпусы «Apple Watch» сағатымен үйлесім таппақ. 

«Apple» компаниясы «iPhone 6S» смартфонымен қатар, «Apple TV» ресиверінің жаңарған нұсқасын таныстырады. Соңғы рет бұл ресивер 2012 жылы жаңарған болатын. 

Ө. Сансызбай