Спортзалға айналған Cadillac Escalade ESV

Спортзалға айналған Cadillac Escalade ESV

General Motors концерні шығаратын үлкен джип көліктерінің ішіне сәнді офис соғумен айналысатын амеркандық Becker Automotive Design ательесі ұзартылған Cadillac Escalade ESV көлігіне жасалған жаңа туындысын жариялады. Бұл жолы компания қызметкерлері көлік салонының артқы бөлігіне велотренажер орнатуды ұйғарған. 

Әрбір сатып алушы өз талғамына сәйкес Escalade-тің өңделуін таңдай алады. Ателье соынмен қатар, өз клиенттеріне автокөлік салонының артқы бөлігіне электр жетегі мен аяқ тіреуіші бар былғары креслолардың бірнеше нұсқасын, табиғи ағаштан жасалған үстелдерді, 60 см HD-монитор, спутник телекөрсетілім жүйесін, DVD-ойнатқыш және де ғаламтор жүйесіне қосылған компьютер, принтер, сканер орнатуды ұсынады. 

Сондай-ақ, компания жолаушыларды 5.56 калибрлі автоматтан қорғайтын брондалған автокөлік жасай алады. 

Cadillac Escalade ESV тек 6,2 литрлік V8 қозғалтқышымен қамсыздандырылған. Қозғалтқыш қуаты 403 ат күші. Аталған автокөліктің құны әр клиентке жекеше бағаланады.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: avtomaniya.com. avivas.ru

Ж. FM