Моторыңыз қызып кетсе

Моторыңыз қызып кетсе

Жол бойында келе жатып, теромотетр таяқшасының бірден көтеріліп кеткендігін байқасаңыз, бірден салон жылытқышын іске қосып, көлігіңізді мейлінше тез тоқтатыңыз.

Мотордың қызып кетуі авто маркасына қарамастан, кез келген көлікте орын алатын құбылыс. Бұның себептері қарапайым салқындатқыш сұйықтығы деңгейінің төмендігінен бастап помпаның дұрыс жұмыс істемеуінен болуы мүмкін.

Ендігі әңгімені рет-ретімен айталық.

  1. Алдымен СС-ның (салқындатқын сұйықтық) датчигі мен термометрдың дұрыс жұмыс істеп тұрғандығына көз жеткізіп алыңыз.
  2. Түрлі капот жылытқыштарды қолдануға кеңес бермейміз. Бұның пайдасынан гөрі жанама зияны көп болуы мүмкін.
  3. Қозғалтқыштағы майдың дәрежесін тексеріп көріңіз. Әлбетте, майдың қысымы да қалыпты деңгейде болуы керек.
  4. Мотордың қызып кетуі сонымен қатар салқындату жүйесінің ластануынан болуы мүмкін. Әсіресе түрлі “радиатор герметиктерін” пайдалану бұның ықтималдылығын жоғарылатады. Бұндай жағдайда СС-ны ағызып жіберіп, қозғалтқышты жақсылап жуып, тазалау керек. Бірақ бұл бөлек мақаланы талап ететін әңгіме.
  5. Сонымен қатар радиатордың сыртқы ластануы орын алған болуы мүмкін. Сондықтан оны үлкен қысыммен су айдау арқылы тазалап көріңіз.
  6. Радиаторды салқындатуға арналған вентиляторды тексеріп көріңіз.
  7. СС-ның айдалуында да олқылықтар болуы мүмкін. Бұндай жағдайда помпаны ауыстыру қажет.

жалғасы бар...

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: 3at.ru