Былғары Феррари

Былғары Феррари

Dartz тюнинг ательесі Ferrari F430 суперкарының жаңа келбетін ұсынды. Тюнерлер Феррариді тері виниліне "киіндірген". Айта кетсек, Dartz  винил бойынша ең үздік мамандар қатарында және олар аталған жобаны орындауда бірнеше апта бойы еңбектенген. Сондай-ақ тюнинг авто жасауда автокөліктер мен тюнингтің қосалқы бөлшектерін сату саласында Dartz-тың серіктесі MS Motors компаниясы да өз үлесін қосты. 

Dartz жасаған Ferrari F430-ға келетін болсақ, былғары  экстерьерден басқа өзгеріс жасалмаған. Мүмкін, бұл көлікті жылдам қатынауға емес, түнгі клубтардың VIP есіктеріне баяу кіру үшін тюнерлер әдейі осылай жасаған болар. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: popmech.ru, dailylife.su

Ж. FM