Lotus Cars-тың топ менеджері жұмыстан босатылды

Lotus Cars-тың топ менеджері жұмыстан босатылды

Lotus Cars компанияның атқарушы директоры Дэни Бахарды қызметінен босатты. Бұл шешім ішкі тексерістерден соң қабылданыпты.

Бұған дейін Бахар компания қаржысын мақсатсыз пайдаланды деген әңгіме шыққан болатын. Бұл дерек ресми түрде расталмаса да, соңғы тексерістен соңғы қабылданған шешім бұл деректі растайтындай.

Дэн Бахар Lotus Cars компанясының басшылығына 2009 жылы келген еді. Қызметіне кіріскен сәттен бастап, ол бес модельде көлік жасап шығарып, спорттық автокөліктерді дамытуды жоспарлаған болатын. Бұл жоспар үлкен инвестицияны талап етті. Нәтижесінде Lotus-тың иесі Proton компаниясы көлемді шығындарға ұшыраған болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: thestig.ru