Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / Әйелдерге арналған ТОП 5 көлік тізімі

Әйелдерге арналған ТОП 5 көлік тізімі

Әйелдерге арналған ТОП 5 көлік тізімі

Әйелдерге арналған көлік дегенде, сіз кішкентай өлшемді, түсі қызыл көлік туралы ойлаған шығарысыз. Түсі мен өлшеміне қарай көлік таңдау рационалды шешім емес екенін сіз де, біз де жақсы түсініп отырмыз. Қазіргі әйелдерді көліктің беріктілігі, жанармай тұтыну көрсеткіштері мен көлік қауіпсіздігі жайлы мағлұматтардың толғандыратыны таң қалдырарлық жағдай емес. Бұл әйелдер көлік таңдау кездегі темір тұлпаларының сыртқы келбетіне мән аудармайды деген сөз емес. Олардың көлік таңдаудағы барлық майда-шүйделерге көңіл бөлетіні байқалып тұр. 

Тізімнің бірінші сатысында Nissan Micra орналасқан. Бұл үлгі өзінің доға бейнелі сыртқы келбетімен көзге түсіп, осының арқасында көліктердің қалың ағынында ерекшеленіп тұрады. Кішкентай өлшемдеріне қарамастан, Ниссан төрт жолаушыны сыйдыра алатын кең әрі жайлы ішкі кеңістікпен көзге түседі. Micra заманауи техниканың барлық түрімен жабдықталып, жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ABS, EBD пен Brake Assist сынды жүйелермен қапталған. Бұл үлгі борттық компьютермен, климатты басқару жүйесімен рөлде орналасқан аудио баптауларды реттейтін пернелер мен кілтсіз басқару жүйесімен жабдықталған. Бағасы $13 750

Әйелдер көңілінен шығатын көліктер тізімінің екінші сатысында Suzuki New Swift. Бұл шағын өлшемді көлік өзінің мінсіз басқарылуымен ерекшеленіп қана қоймай, сыртқы келбетінің сүйкімді орындалуымен көзге түседі. Көлік Еуропада жасалғандықтан, жинастырылу мен жабдықталудың сапасы жақсы деңгей көрсетіп тұр. Бағасы $16 450

Тізімнің үшінші сатысында Toyota Yaris орналасқан. Toyota Yaris көлігінің сыртқы келбетін ойластырған еуропалық ED-2 студиясының мамандары минимализм принципін ұстанып, жарыққа мына керемет үлгіні әкелген. Көліктің ықшам өлшемдеріне қарамастан үлгінің салоны өте кең болып шықты. Жаңа жайлы отырғыштар мен аяқтарды жайлы орналастыруға арналған қосымша кеңістіктің арқасында Yaris жайлылықтың жаңа түсінігін енгізіп отырғандай. Шанақтың нығайтылған түбі Макферсон тірегі бар подвесканың прогрессивті жүйесі мен электр күшейткіштің көмегімен сіз көлікті толықтай сезіне аласыз. Оған қоса, бұл үлгі өз класындағы қауіпсіз көліктердің қатарында. Yaris 9 қауіпсіз жастығымен жабдықталады. Бағасы $20 900
  Бұл көліктерді автосалондардан ыстық тоқаштай күйінде сатып алатындар кім деп ойлайсыздар? Әлбетте! Нәзік жандарға Hyundai Getz көлігі өте ұнамды болғандықтан, бұл үлгі тізіміміздің төртінші тармағында. Getz қалаға арналған. Бұл көлік отын тұтынудың төменгі деңгейін көрсетіп қана қоймай, маневр жасаудың ептілігі мен динамиканың керемет көрсеткіштеріне ие. Бағасы $11 650 Тізімімізді неміс өндірушісінің өнімі - Opel Corsa тәмәмдап отыр. Corsa-ның дизайнында Astra-ның белгілері көрініп тұр. Ал үлгінің үлкен шамдары мен төбесі хэтчбекті спорттық көлікке ұқсатып отыр. Corsa-ның техникалық майда-шүйделердің саны шексіз. Техникалық құрылғылардың ішінде: галогенді шамдар, спутникалық навигация, Bluetooth бен MP3 ойнатқышы бар. Басқару жүйесі де жақсы жабдықталған: бұрылыс кезіндегі жолда тайғанап кетуді бейтарап ететін ABS, ESP, рөл гидрокүшейткіші мен шұғыл жағдайларда көмекке келетін тежегіш жүйесі бар. Көліктің бағасы $16 450

Суреттер avto-moto-club.ru сайтынан алынған

3060 11
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 18 желтоқсан 2011, 13:34
Пікірлер
+0
20 желтоқсан 2011, 20:00

Ең жақсы деген көліктерді жинапсыз!!!

+0
20 желтоқсан 2011, 20:11

Әйелдерге арналған көліктер сондай кішкентай :)

+0
21 желтоқсан 2011, 00:37

мен кішкентай машиналарды ұната бермейді екенмін... меніңше, әйелдерге үлкен машина да жақсы үйлеседі! Менің Порш Кайенім жоқ екен))))

+0
21 желтоқсан 2011, 09:10

Маған кішкентай көліктер ұнамайды. Менің көлігім үлкен әрі биік. Мен кеңдікті сүйемін, ал мынадай көліктерді айдай алмаймын((

+0
21 желтоқсан 2011, 14:19

менің көлігім Infiniti FX45 :-). ол неге мына тізімде жоқ?

+0
21 желтоқсан 2011, 15:05

қолжетімді көліктер тізімгі) cіздің айтқан Infiniti FX45 15 мыңға сатып алу мүмкін емес

+0
26 желтоқсан 2011, 10:11

Hyundai Getz мен үшін бірінші тұруы керек

+0
05 қаңтар 2012, 18:53

маған жук ұнайд )

+0
28 ақпан 2012, 17:01

Тойота Ярис - ең тамаша көлік қой!!! Маған қатты ұнайды

+0
28 ақпан 2012, 17:10

иә, Ярис негізі қыздарға қатты жарасады

+0
28 ақпан 2012, 17:19

Біздің қыздарға Сауд арабиясындағыдай көлік айдатпау қажет!!! Өркөкірек болып кетеді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Үшінші аптаның үздік блогы
Үшінші аптаның үздік блогы

Үшінші апта қорытындысымен таныс болыңыздар

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет...
Ақыл деген қасиет...

дипломын алып, оқыған біліміңізден тоқығаныз...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...