Жаңа Toyota Camry

Жаңа Toyota Camry

Бұл үлгінің тарихын ескерсек жаңа (жетінші) ұрпақ соңғы болатынына әбден сенімдіміз. V50 шанағындағы Camry тарихындағы ең үздік үлгі болуға тиісті деген сенім сатып алушылардың қызығушылығын арттырып отыр. Бұрынғы үлгілерге деген сұранысты да ескермеуге болмайды.

Жаңа Тойота Камридің ішкі көрінісі көзтартарлық. Жүргізуші мен  алдыңғы жолаушының ыңғайлығы үшін орындықтар электр реттеулер мен жылыту жүйесімен жабдықталады. SE жинақталудағы үлгі былғары салон мен рөл жаңында орналасқан баспалдақты ауыстырып-қосқышпен қуантады. Жан-жағынан алып қарағанда Тойота компаниясы бұрын болған осал жерлерді ескеріп, материал таңдауда үлкен көңіл бөлгені көрініп тұр. Мата бұрынғысына қарағанда қымбат көрінеді, пластиктің жұмсарғаны да байқалады. Үлгілердің жинақталуын орнатулар арқылы оңай ажыратуға болады. S, L және LE жинақталуында - күміс түсті SE – қола тәрізді ал XLE-де –ағаш орнатулар. Құрылғылар панелі жастар стилінде орындалған, ал орталық консольде көп функционалды, сенсорлы дисплей орын тапқан. Оның көмегімен көліктің мультимедиалық навигациялық жүйелеріне қол жеткізуге болады (L топтамасында қарастырылмаған). Жинақталуға байланысты жаңа Камриде кең функционалды 7 дюймдік дисплей орнатылған дисплей екі қабатпен қапталады (жүргізуші мен жолаушы екі бөлек ақпарат көре алады). Entune жүйесі арқылы Bluetooth-бен телефон арасында байланыс арнасын орнатуға жолдағы жанармай құю станциялары жайлы мағлұматқа SMS хабарларына ауа-райы туралы ақпаратқа қол жеткізуге болады. Бұндай функциялар біздің елден гөрі шет мемлекеттерде қолданыс табатыны сөзсіз. Бұған қоса, ауа тазалайтын жүйесі бар дара климат-контроль бүйір және артқы күн сәулесінен қорғайтын перделер мен отырғыштарды жылыту жүйесі толық электропакет көліктің бағасын көтермек. Артқы жолаушылар (отырғыштар қосымша бірнеше см-ге кеңейген) бұрынғысынан да жайлы жайғаса алумен қоса, қосымша алыстан басқару пульті арқылы медиа жүйе мен климат-контрольді басқаруға мүмкіндік алады. Артқы отырғыштың арқасы 40*60 пропорциясында жиналады, жүк салғыштың көлемі де кеңейген.


2012 жылғы Toyota Camry-дың техникалық жағынан қарағанда алдыңғы үлгіден еш айырмашылығы жоқ деуге болады. Баяғы біз білетін алдыңғы приводты тәуелсіз подвескасы мен 4 желдетілмелі дискілі тежегішпен қамтылған бизнес седан. Габаритті өлшемдері де еш өзгермеген. Жаңартулар тек қозғалтқыш бөлімінде ғана. Төрт цилиндрлі көлемі 2.5 л қозғалтқыштың күші 178 а.к. тең. Қозғалтқыштың тәбеті де ынсапты - 100 шақырымға 7.8 л жанармай. Осы қозғалтқыш тек алты диапазонды беріліс қорабымен жабдықталады. Екінші қозғалтқыш  6 цилиндрлі көлемі 3.5 л, қуаттылығы 268 а.к. Көптеген сарапшылар 200 а.к. Toyota Camry Hybrid Synergy Drive  үлгісі 100 шақырымға 6 л жанармай «жейтініне» күмән келтіріп отыр. Өз бойына бағытты тұрақтандыру жүйесін, ABS, күш бақылау мен сырғанауға қарсы жүйелерін жинап алған Toyota Star Safety System жүйесі жүргізуші мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Жаңа үлгінің бағасына келсек, әлі анық белгіленбеген. Ресми диллерлерде жаңа 2012 жылғы үлгінің бағасы  35 мың доллардан басталмақ, ал ең үздік жинақталудағы Camry (көлемі 3.5 л, 6 диапазонды «автоматпен» қамтылған) 49500 $-ға сатылады. 

Суреттер toyotacamry.ru сайтынан алынған