BMW. Олимпиада көліктері

BMW. Олимпиада көліктері

Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын Олимпиада ойындары биыл Лондон қаласында ұйымдастырылмақ. Жүзден астам мемлекеттен келіп қатысатын спортшылар түрлі жарыстарда жүзден жүйрік атанып, өнерлерін ортаға салмақ. Ал жарыстар жақсы деңгейде ұйымдастырылу үшін көліктерді техникалық жақтан қамтамасыз етуді BMW компаниясы өз мойнына алған. Ғасырға жуық тарихы бар BMW компаниясы веложарыстар мен т.с.с спорт түрлерінде техникалық көмек көрсететін көліктердің үлгісін бұқаралық ақпарат құралдарының назарына ұсынды.

Олимпиада ойындарына барлығы 1800 жуық BMW техникасы жұмылдырылмақ. Бірақ бұл жарыс ұйымдастырушыларына аз көрініп, BMW компаниясы өз беделін көрсетуі үшін атмосфераға CO2 газының мейлінше аз мөлшерін шығаратын көліктерді құрастыруды көздеген. Ұйымдастырушылар шақырымға 120 граммнан аз зиянды газдарды шығаратын көліктерді құрастырып беруге тапсырыс берген. BMW сөзіне берік екен. Олардың көліктері 116 г/ш газ шығарады. Бірақ Ұлыбританияның заңдары бойынша, көліктердің зиянды газ шығару мөлшері 138 г/ш деген көрсеткішке тең екен.

Бір қызығы көлік паркі электр және шибридті көліктерден құрылған. Паркте 1 Series ActiveE үлгісінің 160 данасы, Mini E үлгісінің 40 данасы, 320d Efficient Dynamics  үлгісінің 1550 данасы, 5 Series Active Hybrid-тің 40 данасы бар.  Сондай-ақ  520d Efficient Dynamics үлгісінің 700 данасы мен X3 xDrive 20d 17 машинасы техникалық көмек көрсететін болады. Қызмет көрсететін парктің тізімінде X5 xDrive 30d-дың 10 данасы мен  Mini Countryman Cooper D үлгісінің 200 данасы бар. BMW компаниясы екі дөңгелекті техника туралы да ұмытпаған көрінеді. R1200 RT мотоциклінің 25 данасы мен BMW Streetcruiser велосипедінің 400-і техникалық жәрдем көрсететуге арналған.

Ал енді суреттерін бірге тамашалайық.

Суреттер: idrive.kz