Суда жүзетін амфибия автомобилі (Бейнебаян)

Суда жүзетін амфибия автомобилі (Бейнебаян)

Суда да құрлықта да жүре алатын амфибия автолары туралы естіп жүрген боларсыздар. 

Біз әңгіме қылғалы отырған нұсқа британдық Марк Уитт атты конструктордың еңбегі. Бұл машинаны жасап шығуға Марк алты жыл уақытын сарп еткен екен. Машина суда 100 км/сағ жылдамдықты бағындыра алады. 

Sea Lion атты автомобиль Mazda-лық 174 ат күшіне ие қозғалтқышпен қамтылған. Туынды авторының айтуынша, бұдан қуаттырақ қозғалтыштарды орнатуға әбден болады екен. Амфибия сонымен құрлықта да перідей желеді екен. Сағатына 180 км жүріп өтуге болады. 

Марктың айтуынша, қуаттырақ мотор орнатар болсақ, құрлықтағы жылдамдықты 250 км/сағ-қа жеткізуге болады. Тек бір ғана шарт - қозғалтқыш роторлы болуы керек. 

Өнертапқыш жұмысын 2006 жылы бастаған екен. Қазіргі таңда бұл туынды Fantasy Junction аукционына сатылуға қойылды. Sea Lion-нің бастапқы бағасы 259,5 мың еуро болмақ. Автомобильге қызығушылық танытқан кез келген адамның сатып алуына мүмкідік бар. Уитт журналистерге берген сұхбатында: "Бұл туындымды біреу-міреу сатып алар болса, жанында консультант, инженер ретінде бірге болып, көмектесуге дайынмын", - деді. 

сурет: YouTube сайтынан скриншот