Ұшатын автокөлік

Ұшатын автокөлік

Transition Roadable Aircraft ұшатын көлігі - көп уақыт бойы жазушылардың қиялында ғана өмір сүріп, бүгінде қолданысқа шыққан әмбебап көлік. Аппарат өте үнемді және қолдануға ыңғайлы.

Terrafugia деп аталатын массачусетстік компанияның бұл туындысы Нью-Йорк қаласы Javits Convention Center-де болған автошоуда көрермендердің көрермендердің таңдайын қақтырды.  Көлемі үлкен джиппен бірдей болатын осы екі орынды автокөлік (купе) жылдамдығын айтарлықтай арттыра алады. Оның жылдамдығы тас жолда сағатына 115 км-ге жетеді. Ал егер 8 метрге жететін қанаттарын жаятын болса, 600 метр биіктікте самғай алады.

Ұшатын көлікті меңгеру үшін жүргізуші/ұшқыш 20 сағаттық дайындық курсынан өтуге міндетті. АҚШ-тың кейбір штаттарында ұшу тек әуежай арқылы ғана рұқсат етілетін болады. Алайда жеңіл моторлы ұшақтарға тас жолдан ұшуға болатын Монтана және Аляска штаттарында Transition Roadable Aircraft тіпті тұрған орнынан ұшуға рұқсат берілген. 


Қанатты көлік өзінің үнемділігімен де ерекшеленеді. Ол тас жолда 100 километрге 9,3 литр жанармай жағатын болса, ауада 100 километрге 14 литр жанармай жұмсайды.

Аппараттың бір кемшілігі - жүксалғыштың тым кішкентай болуы. Мұндай көліктің бағасына келетін болсақ, ол $279,000 АҚШ долларын құрайды.

Дегенмен барлық жаңа нәрсе сатылымға шыққан кезде қымбат және қолжетімсіз болып келеді. Бірақ олардың таралымы көбейген сайын баға төмендеп, техникалық мүмкіндіктері дами түседі.

Міне, осылайша көлікті де аспанға ұшыру мүмкін болды. 

Сурет: cardesign.ru, runyweb.com, mirfactov.com

Ж. FM