Жаңа жүргізуші куәлігі енгізілмек

Жаңа жүргізуші куәлігі енгізілмек

Қазақстанға жаңа жүргізуші куәліктері енгізілмек. Бұл туралы депутаттар мен ішкі істер министрлігі уәкілдерінің қатысуымен болған дөңгелек үстелде жол полициясы басқармасының қызметкері Қанат Сәдуақасов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Жол жүру конвенциясына сәйкес, Қазақстан Республикасына жүргізуші куәліктерінің 7 категориясы: A, В, С, D; BE; СЕ; DE мен 6 бөлімше: А1, В1, С1, D1, C1E мен D1E енгізілмек. Жаңа куәліктердің енгізілуі елімізде мопедтер мен скутерлардың, сондай-ақ, трициклдардың қолданылуын бір тәртіпке келтіреді. "Соңғы кездері елімізде көліктердің бұндай түрлері көбейіп кетті", - деді Қ. Сәдуақасов өз сөзінде.

Сәдуақасовтың айтуынша, жаңа куәліктер жүргізуші куәлігін алғаш рет алған тұтынушыларға берілмек. Ал қолданыстағы куәліктер уақыты біткенге дейін жарамды. Сондай-ақ, жүргізушілер ескі куәліктерін жаңа нұсқасына ауыстыра алады. Жаңа куәліктердің жасалуына қосымша қаражат та қажет емес.

Жаңа заң жобасы толықтай қаралып, үкімет пен парламенттің бекітілуіне жіберілді. Екі палата оны бекіткеннен кейін, президенттің қол қоюымен жаңа заң күшіне енеді. Сәйкесінше, жаңа жүргізуші куәліктері сол уақытта пайда болмақ.

Сурет: Даниял Оқасов©