Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / DriveLAB - зейнеткерлерге арналған көлік

DriveLAB - зейнеткерлерге арналған көлік

DriveLAB - зейнеткерлерге арналған көлік

Рөлдегі жасы үлкен кісіні көргенде, бәріміз оны құрметтеп, жол беруге тырысамыз, не болмаса жол жүру мәдениетіне сәйкес, олардың қателіктерін кешіріп отырамыз. Үлкен кісілерге машина тізгінін басқару оңай емес. Жасың ұлғайған сайын көзің көрмей, сыртқы ортаға қайтаратын рефлекстердің жылдамдығы да төмендейді.

Осындай жағдайларға көбінесе зейнеткерлер тап болады. Рөлге отырған зейнеткерлер көп жағдайда жолда келеңсіз жағдайларға кезігетіндіктен, Ұлыбританияның Ньюкасл университетінің "Зияткерлік көлік" командасының бір топ инженерлері бұл жағдайдың шешімін табуды жөн көрді. Олардың жұмыстары мынаған негізделіп отыр: Көліктің ішіне орнатылған электронды құрылғылар онлайн тәртіпте жүргізушінің іс-қимылдарын бақылап отырады.

Көліктің ішіне орнатылған қондырғылар онлайн тәртіпте жүргізушінің есеңгіреу дәрежесін зерттеп, оның жолда өз-өзін ұстауы мен өзгешеліктерін бақылап, белгілі бір жағдайда оған көмекке келеді. DriveLAB атты жобаның басты обьектісі - түрлі сенсорлар мен датчиктерге толы көлік болып табылады. Бұл сенсорлар мен камералар адамның көздерін бақылап, жүйенің биомониторлары жылдам тәртіпте үлкен кісінің есеңгіреу нүктелерін тауып отырады. Жүргізушінің көлікті әрмен қарай жүргізе алмайтынын "түсінетін" жүйе, темір тұлпарды жол жиегіне тежеп қойып, оны қайтадан өзі жүргізе алатын уақытқа дейін күтіп отыру мүмкіндігіне ие.

Зерттеушілер тобының басшысы профессор Фил Байт  DriveLAB жүйесін кез келген машинаға орнатуға болатынын айтып отыр. DriveLAB жүйесінің ішінде көмекші құралдар мен навигациялық құрылғылар, түнде көру  жүйесі бар. 

Егер DriveLAB жүйесі көліктерге орнатылатын болса, жол апаттарының күрт төмендеуі әбден мүмкін. Жүйе бағасы жайлы ешқандай ақпарат берілмеген.

Сурет:3dnews.ru

1554 5
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 26 сәуір 2012, 11:00
Пікірлер
+0
26 сәуір 2012, 11:37

жақсы жаңалық екен ;)

+0
26 сәуір 2012, 12:08

Жаңалық деп осыны айт

+0
26 сәуір 2012, 12:41

қыздарға арналған мәшина екен)

+0
26 сәуір 2012, 12:42

қыздар мен кемпір-шалдарға)

+0
26 сәуір 2012, 20:11

Әй! не дид!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?

Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...
Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...

Өмірдің симфониясы болған сыңғырлар.

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...