Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / Chairman - қазақстандық "Мерседес"

Chairman - қазақстандық "Мерседес"

Chairman - қазақстандық

Қазақстанда «AllurAuto» компаниялар тобының ынтымақтастығы қарқынды түрде дамып, көлік құрастыру өнеркәсібі елімізде кең етек алып жатыр. Осының арқасында «АгромашХолдингі» кореялық SsangYong көліктерін жинауға құқық беретін лицензияға қол жеткізіп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, жақында Қостанайдағы авто зауыттардың бірінде ZAZ Сhance машинасының өндірісі бастау алған еді. Алда SsangYong көліктерінің басқа да үлгілерін құрастыру жоспарда бар. Желідегі ақпаратқа сенетін болсақ, жақын арада «Nomad» үлгісінің құрастырылуы мен сырлануы басталады. Бұл Оңтүстік Корея және Қазақстан компаниясының бірігіп құрастырмақ болған жетінші көлігі. Ал бұл өндірістің мақтанышы деп SsangYong Chairman үлгісін айтуға болады. Аталған көліктің презентациясы елімізде биыл өткізіліп, жоғары санаттағы шенеуніктер мен ұлттық компаниялардың басшылары осы көлікке мінеді деген сыбыс ғаламтор желісінде қарқынды түрде таралып кеткен еді.

«Chairman»  ағылшын тілінен аударғанда "төраға" деген мағынаны білдіреді. Яғни, көліктің аты да соны растап отырған сияқты. Бұл машинаға нағыз басқарушы адамдар міну керек. Көліктің ішінде қауіпсіздік жастығының 10 данасы, пневматикалық серіппелі салпыншақ (подвеска), музыкалық құрылғыға арналған орын, реттелмелі артқы отырғыштар бар. Айтпақшы артқы отырғыш қарапайым емес, оның массаж жасайтын құрылғысы мен вентиляционды жүйесі бар. Көлік салоны қымбат былғары мен ағаштың сирек түрімен әрленген. Бұндай жоғары деңгейлі көліктің бағасы да аз емес - 60 мың АҚШ доллар.

AllurAuto компаниялар тобының президенті Андрей Лаврентьев бұл көліктердің машиналық жиынтық болып елімізге жеткізіліп, осында құрастырылатынын өндірістік процесс барысында сөз еткен. Осылайша елімізде бұндай тәсілмен жиналған көлік саны алтау болып, олар тиісті сертификациялаудан өтті. Осы жылдың аяғына дейін 200 көліктің құрастырылуы жоспарда бар.

Қазақстан бұндай көліктерді құрастыру үшін көптеген сынақтар мен кореялық компаниялардың аудиторлық тексерістерден өтіп, лицензияға қол жеткізді. Бұндай көліктің құрастырылуына басқа темір тұлпарлармен салыстырғанда 4 есе уақыт көп жұмсалады. Әлбетте, көлік сапасы жоғары болуы керек. «Chairman» қазақстандық өлшемдермен «Е» санаттағы көліктерге жатқызылатын болады. Бұл санатқа халқымызға танымал Тойота Камри жатады. Айтпақшы көліктегі қозғалтқыш пен беріліс қорабы Mercedes-Benz компаниясының үлгілеріндей.

Суреттен байқасаңыз, «Chairman» сыртқы дизайны Мерседеске өте ұқсас болып келеді. 

Сурет: idrivekz, quorum.kz

1917 7
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 11 сәуір 2012, 14:20
Пікірлер
+0
11 сәуір 2012, 14:51

соңғы суретті көргенде эс класс па деп қалдым

+0
11 сәуір 2012, 17:33

көшірме :evil: :evil: :evil: :evil: :evil: :evil:

+0
11 сәуір 2012, 18:28

Бастысы осыған* қуана аламыз ба, мәселе сонда...

+0
12 сәуір 2012, 11:21

Осы қазақтарға не істесең де жақпайсың әйтеуір :evil:

+0
12 сәуір 2012, 15:35

Қазақтар Машина шығардыма :shock: Мадес :D Жарайды ей :D

+0
23 сәуір 2012, 21:36

Қазақтар өздері қашан машина ойлап шығарады екен :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...