Кептелістен құтқаратын тікұшақ

Кептелістен құтқаратын тікұшақ

Әлемнің үлкен қалаларында көлік кептелісі ұзақ уақытқа созылып жатады. Мұны шешудің жолы бар ма? Испандық өнертапқыш дизайнер Хектор дель Амо көлік кептелісінен құтқаратын бір адамға арналған тікұшақ ойлап тапты.

Өнертапқыштың айтуынша, үлкен қалалардағы кептелісті шешудің бірден-бір жолы – осы. Ол ойлап тапқан Zero helicopter бір адамдық тікұшағы өте жеңіл және шағын. Мұндай тікұшақпен үлкен қалалардағы көлік кептелісі кезінде үстінен жайбарақат ұшып өтіп, діттеген жеріңе тез әрі еш кедергісіз оңай жетуге болады. 

Әзірге испандық дизайнер ойлап тапқан бір адамдық тікұшақ қандай жанармаймен жүретіні белгісіз. Сонымен қатар, бұл мұндай үлгіде жасалған тұңғыш тікұшақ та емес. Егер алдағы уақытта мамандар тарапынан қолдау тауып жатса, тікұшақ Martin Jetpack, Rocket Belt  және Jet Pack International компанияларының дәл осындай өнімдерімен бәсекелес болмақ. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: style.rbc.ru

Ө. Сансызбай