Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / 2011 жылдың 10 үздік автокөлігі

2011 жылдың 10 үздік автокөлігі

2011 жылдың 10 үздік автокөлігі

 Honda Odyssey

Honda компаниясының минивэндері үлкен жанұяларға арналған. Жаңа Odyssey-дің салоны толықтай өзгеріп, көлемі біршама кеңейген. Көлікте пайда болған  опционды DVD ойнатқышы арқылы арт жақтағы жолаушылар 16 дюймді дисплейдің бетінен түрлі бейнелерді тамашалай алады. Жолаушылардың талғамдары әртүрлі болғандықтан, арнайы функцияның көмегімен дисплей екіге бөлінеді. Көлікте орналасқан навигатор бетінен көлік кептелісі жайлы мағлұмат алып, жүретін бағытыңызды алдын ала болжай аласыз. Көліктің сыртқы келбеті тегістеліп, аэродинамикалық көрсеткіштері жақсы деңгейге көтерілген. 6 цилиндрлі қозғалтқыш та жылдамдықтың керемет динамикасын көрсетеді. Жолаушылардың ыңғайлығы үшін есіктер жылжымалы механизм негізінде орындалған. Ең қолжетімді көліктің бағасы 29000 АҚШ доллар.

 

 Buick Regal

«General Motors» компаниясы Buick брендін қайта құрастыру мақсатында бірнеше көлік өндірісін бастап кеткен. Солардың ішінде Buick Regal-дың орны ерекше. Buick Regal жайлы әрі кең артқы отырғышпен, еуропалық стильдегі подвескамен, жоғары технологиялы американдық қозғалтқышпен жабдықталған. Айтпақшы, көлік 182 а.күшке ие. Бұған қоса, 6 баспалдақты беріліс қорабының үйлесімді жұмыс істеуіне байланысты қаладағы жанармай шығыны 100 шақырымға 10,23 литр, ал тас жолда 7,84 литрді құрайды. Regal-дың жайлы салоны жолаушылардың шаршап қалмауын қамтамасыз етеді. Бағасы 26000 доллардан басталады.

Kia Sportage

Kia компаниясы Sportage үлгісінің жаңа түрін халық назарына ұсынған. Көліктің жастарға бағытталғанын оның футуристикалық дизайнынан-ақ байқауға болады. Өз мақсатына жету үшін компания Sportage үлгісін толықтай өзгерткен. Жаңа 2011 Sportage рөлдің электр күшейткішімен жабдықталғандықтан, көлік оңай басқарылады. Соның арқасында жанармай шығынын төмендетіп, экологиялық жағдайдың өршіп кетпеуіне өз үлесін қосады. Көлік пішіні кішігірім болғанынымен, жүк орны кеңейген. Көлік артқы жүріс бейне камерасымен, навигация жүйесімен және де климат-контрольмен жабдықталған. Бағасы 19000 доллардан басталады.

Ford Explorer

Ford спорттық үлгідегі көліктер нарығында өз орнын әзірге ешкімге бере қойған жоқ. Нарықтағы беделін арттыру үшін Ford жаңа Explorer-ды құрастырған болатын. Рамасыз конструкцияның қолданылуы жанармай тұтыну көрсеткіштерінің төмендеуіне әкелді. Жаңа көлік электр күшейткішпен жабдықталып, үлгінің басқарылуы жеңілдеген. Жеті орынды салон ішінде біраз өзгешеліктер бар. Салон іші бұрынғы үлгіден әлдеқайда қымбаттау көрінеді. Көліктің бағасы 28000 доллардан төмен емес.

 

 

 

 

 

 

Mazda 2

Mazda компаниясы мына үлгімен кішігірім көліктердің де қажеттілікті өтей алатынын дәлелдейді. Маzda 2 өзінің қуаттылығымен мақтана алады. Көлемі 1,6 л қозғалтқыш 100 а.к. беріп, берік подвескасымен, басқарудың мінсіздігімен ерекшеленеді. Көліктің сыртқы келбеті кішігірім болып көрінеді, алайда салонның іші әлдеқайда өте кең. Көліктің аудио жүйесі мен ыңғайлы артқы есігі бар. Дөңгелектердің қысқа базасының арқасында көлікті тұраққа қою қиындық туғызбайды. Жүргізуші мен жолаушылардың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өндірушілер көлікті 6 қорғаныс жастығымен арнайы тежегішпен және динамикалық тұрақтандыру жүйесімен жабдықтаған. Көліктің ең арзан үлгісі 14000 доллар.

 Jeep Grand Cherokee

 Алғашқы джиптердің шығарылғанына 70 жылдай уақыт болғанын ескерсек, оларды Америка мәдениетінің бөлігі деп толықтай айтуға негіз бар. Chrysler Group 2011 жылы жаңа Grand Cherokee-нің дизайнын анық етіп жасады.Жанармай шығыны да төмендеген. Жаңа үлгінің подвескасы толықтай қайта қарастырылғандықтан, көліктің жайлылығына зор мән берілген. Бірақ, толық приводты көліктің өзіне тән айбаттылығы да жоқ емес. Jeep Grand Cherokee-мен қисық жолды да жеңіл жүріп өтуге болады. Көлік бағасы 30000 АҚШ доллар.

Hyundai Equus

 Equus – 8 цилиндрлі, 385 күшті, артқы приводты седан шанағындағы Корей елінің өнімі. Бұл үлгінің арқасында Hyundai компаниясы Америка, Жапония мен Германия елдерінің өндірушілерімен бір сатыға шықты. Тас жолда көлік 100 шақырымға 9,8 л жанармай тұтынады. Бұған қоса, көлікте 17 дискілі аудио жүйе, электр құрылғыларды басқару жүйесі, тұрақтандыру жүйесі, навигационды жүйе, артқы жүріс жүйесі мен тоғыз қорғаныс жастығы бар. Equus-тің артқы орындықтарын лимузинге ұқсатсақ қателеспейміз. Көліктің бастапқы бағасы 57000 доллар.

 Volkswagen Jetta

Volkswagen орташа өлшемді көліктер тобын өз меншігіне қайтару мақсатымен 2011 жылы Jetta үлгісінің жаңа түрін  жарыққа шығарған.  Жаңа Jetta қысқа өлшемді дөңгелек базасында негізделгенімен, көлік салоны  кең, үлгінің сыртқы келбетінен еуропалық «тамырлардың» бар екенін байқауға болады. Көлемі 2,5 л қозғалтқыш 170 а.к ие. Жанармайдың тұтыну көрсеткіштері де жаман емес: қалада 10,7 тас жолда 7,84 л жанармайды қажет етеді. Көлік электронды құрылғылармен  жабдықталып, жүргізушінің көлік басқару процесін жеңілдетеді. Компьютердің көмегімен көліктің отын тұтыну көрсеткіші, тежегіштің тозу жылдамдығы сияқты керек мағлұматтарды біле аласыз. Көліктің бағасы 17000 доллардан басталады.

  Toyota Scion tC

Toyota компаниясы Scion tC үлгісіне ұқсас көліктерді бұрын да шығаратын. tC- бұл өзіндік стилі бар, шағын шанақты көлік. Тежегіштің дәл әрі тез жұмыс атқаруының арқасында жүргізушіге көлікті айдау қиынға соқпайды. Жанармай тұтыну көрсеткіштері орташа: қалада 100 шақырымға 10,23, ал тас жолда 7,59 л. Автоматты беріліс қорабы қолдан басқару тәртібіне негізделген. Жастарға бағытталған дизайн да көз тартарлық. Бағасы 20000 АҚШ доллардан кем емес.

   Nissan Rogue

Nissan компаниясы шығаратын көліктер саны  күн санап өсуде. Жаңа Rogue көлемді жүк салғыш пен әмбебап дизайнның үйлесімді жұбын айқындап тұр. Rogue көлемі 2,5 л, төрт цилиндрлі қозғалтқышпен жабдықталған. Жанармай тұтыну көрсеткішінде келсек, айтарлықтай ерекшелік байқап тұрған жоқпыз. Көлік қалада 100 шақырымға 10,7 л ал, тас жолда 8,4 л жанармай тұтынады. Rogue-дың электронды ойыншықтары да аз емес. Солардың ішінде ксенон шамдары мен айналарды жылыту жүйесі бар. Артқы жиналмалы отырғышты алып тастап, жүк салғыштың көлемін айтарлықтай үлкейтуге болады. Көліктің бастапқы бағасы 21000 доллар шамасында.

Суреттер namonitore.ru, cetki.com сайттарынан алынған

4222 5
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 02 желтоқсан 2011, 17:45
Пікірлер
+0
21 желтоқсан 2011, 09:58

Супер! Я знаю человека, который очень хорошо разбирается в машинах... Он написал бы кучу интересных статьей авто... Думаю он пригодится вам :)

+0
01 ақпан 2012, 15:18

как с ним связаться?

+0
24 желтоқсан 2011, 22:58

Форд слабый тұсым

+0
20 қаңтар 2012, 14:03

Kia Sportage - менің арманым.....

+0
17 шілде 2014, 14:44

Ең бірінші мақала осы ма?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...