Ұшатын каталог таныстырылды

Ұшатын каталог таныстырылды

Көпшілік компаниялардың өнімі қарапайым тізімдемелер (каталогтар) арқылы таныстырылып жатады. Алайда, "Embraer" компаниясы дәстүрден аяқ алып, өзінің бизнес-кластағы "Lineage 1000" ұшағына ерекше жарнама жасап шығуды қолға алған.

Нәтижесінде, ауада көтеріліп тұратын каталог пайда болды. Қуатты магниттердің арқасында бірнеше сантиметрге көтеріліп тұратын кітап ауада "жүзіп" жүргендей әсерде қалдырады. Сол уақытта аталған кітапты оқып, беттерін аударыстыра алады екенсіз.  

"Embraer" компаниясы өкілдерінің сөзіне сенсек, дәл осы жарнаманы көрген уақытта адамның ұшуға деген тілегі артатын көрінеді. 

Ендеше, төменнен тамашалаңыздар. 

Сурет:mixstuff.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига