Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / Президенттердің автокөліктері

Президенттердің автокөліктері

Президенттердің автокөліктері

Президенттер қандай көліктермен жүрген? Олардың таңдаулары қандай темір тұлпарларға түсті? Осы және басқа да сұрақтар адам баласын толғандыратыны рас. Әрине, мемлекетті басқарып жүру оңай іс  емес. "Ел басшының көлігі - елдің айнасы". Сондықтан да, басшының темір тұлпары қарапайым болуы мүмкін емес. Ол оның мәртебесіне қайшы келеді. Кеңес заманы кезінде елімізді басқарған басшылардың көліктері жайлы әңгіме өрбітсек.

Лениннің көліктері

Владимир Лениннің гаражында брондалған Rolls Royce тұрды. Ел басшының меншігінде 40 а.к. қозғалтқышы бар Renault, сонымен қатар Delanay Billville пен Turket Mery болды. Бірақ қазіргі кезге дейін Ленниннің 1922-1924 жылдар аралығында мініп жүрген екі Rolls Royce көліктері ғана сақталған екен. Бірінші Rolls Royce Silver Ghost-ты Ленинге 1922 жылы 1850 фунт стерлинге сатып алып берді. Бұл көлікпен ел басшы екі жыл бойы жүрген. Лениннің екінші Rolls Royce көлігі өзге темір тұлпарлардан қатты ерекшеленетін. Оның артқы дөңгелектерінің орнында резеңкеден жасалған шынжыр табан орнатылды. Ал алдыңғы дөңгелектері темірден жасалған жалпақ шаңғыға байланды. Бұл көлікпен Ильич қыс мезгілдерінде жүрді. Бұл Rolls Royce-ты шанаға айналдыру үшін Путилов зауытының механиктері бірнеше ай бойы әлек болып жүрген екен.

"Тюнингтың" осындай түрі көлікті 20 ш/с жылдамдыққа дейін үдеткенімен, Ленин риза болды.

Партия басшысы «Ленинград-1» атты лимузинмен жүрген. Бұл көлік Buick-32-90-ның дәл көшірмесі еді. «Ленинград-1» ешбір брондалудан өтпеген.

ЛЕНИНГРАД – 1

Сталиннің көліктері

Көліктерді таңдаудың ерекше амалын Сталин тапты. Жеке басының қауіпсіздігін қатты ойлаған Сталин қоластындағыларға қауіпсіз көлік құрастыруға бұйрық берді. Осылайша, 1933 жылдан бастап, ЗИС зауыты американдық Packard темір тұлпарының қорғалған нұсқасын жасап шығарады. 1948 жылы Alfa Romeo компаниясы Сталинннің туған күніне заманауи 6С2500 үлгісін тарту еткенімен, ЗИС-тың қауіпсіздігімен тең келетін көлік болмаған. Партияның белді мүшелеріне арналып жасалған алғашқы брондалған көлікті ЗИС зауыты (кейін Лихачев деп өзгертілді) 1940 жылдардың аяғында құрастырды. Бұл брондалған ЗИС-115 еді.

 НИКИТА СЕРГЕЕВИЧ ХРУЩЁВТІҢ  1950 ЖЫЛЫ ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН ЗИС 110 КАБРИОЛЕТІ

МИХАИЛ ГОРБАЧЕВ ПЕН БОРИС ЕЛЬЦИННІҢ МІНІП ЖҮРГЕН КӨЛІГІ

ЗИЛ-41052 (БРОНЕКАПСУЛА)

Кеңес заманында ЗИЛ-41052 көлігінің тек 22 данасы құрастырылған. Бүгінгі күнге дейін тек оны ғана сақталды. Машинаның максималды жылдамдығы – 190 ш/с. 100 ш/с дейін үдеу уақыты – 13 секунд. Көліктің массасы 5,5 тоннаны құрайды. Кеше біз айтып кеткен w-140 шанағындағы "Қабаннан" екі есе ауыр екен. Салыстыру үшін Путиннің мініп жүрген брондалған Mercedes-Benz S600 салмағы жинақталуына байланысты 3-3,5 тоннаны құрайды. Кеңес заманында құрастырылған брондалған көліктердің құпиясын американдықтардың білгісі келді. Бұл тек КСРО құлдырағаннан кейін мүмкін болды. Олар ескі ЗИЛ-ді сатып алып, оны бөлшектеп тастаған.

Бір қызығы, Оралдағы бронетраспортерлар құрастыру зауытында ең алдымен бронекапсула құрастырылып, оның үстіне көліктің элементтері орнатыла бастады. ЗИЛ-41052 көлігінің астында Ф-1 гранатасы жарылғанның өзінде де, жолаушылардың қауіпсіздігі сақталады. Ал көліктің терезелері Калашников автоматының оғына ғана емес, сонымен қатар, снайперлік мылтықтың оғына төтеп бере алады. Көліктің әр есігі 200 келіге тең. Бұндай конструкцияны сериялық өндірісте жасау мүмкін емес болса да, ел басшылары өз қауіпсіздігінен ештеңе аямады.

 ЛЕОНИД БРЕЖНЕВТІҢ СҮЙІКТІ КӨЛІКТЕРІ. ЗИЛ 115

1972 жылы Никсон Брежневке Cadillac Eldorado көлігін сыйға тарту қылды. Коллециядағы 68 көліктің бірі.

Брежневтің сүйікті көліктерінің бірі Rolls-Royce Silver Shadow болды.

Тағы қай президенттің көлігін көргіңіз келеді? Әңгімемізді жалғастыруға дайынбыз.

Суреттер: avtomedont.wordpress.com 

2918 11
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 27 наурыз 2012, 13:00
Пікірлер
+0
27 наурыз 2012, 13:25

уау, уау, уау, керемет материал! Мен Назарбаевтің көлігін көргім келеді :mrgreen:

+0
27 наурыз 2012, 13:30

Оның көлігі сол МЕРС шығар???? :o :o :o

+0
27 наурыз 2012, 14:22

Ол кісі көбіне 01KZ нөмірлі сүліктей қара мерс мінеді. бұл көлікті басқша айтқанда майбақа (Maybach 62) деп атайды.

+0
27 наурыз 2012, 14:47

Бір рет көрген едім, бірнеше қара судай жаңа машиналардың (модельдерін білмейм :) ) ортасынан түсті әйтеуір біздің президент. Қай машинадан түскенін аңғармай қалдым ) Сосын Барак Обаманың көлігін көргім келед, сосын Қытайдың президенті Ху Цзиньтао ма еді ) соныкін көргім келеді :mrgreen:

+0
27 наурыз 2012, 14:32

ол кісінікі МЕРС ПУЛЬМАН

+0
27 наурыз 2012, 14:37

нағыз шерлох Холмс! майбақадан жалыққанда пульманға жайғасады-ау шамасы

+0
27 наурыз 2012, 14:38

Брежневтің талғамы жаман емес екен

+0
28 наурыз 2012, 03:28

Брежнев талғамы тәнті қылды...

+0
28 наурыз 2012, 11:25

мен Ленинге ырзааааа боп отырм да :)

+0
19 мамыр 2012, 21:47

Менде Ленин атама риза болдым,әжептеуір машинасын трактор қылып алған. Орыстардың автоиндустриясын атам құртып кеткендей ма өзі? :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...