Велосипедке арналған сәнді дөңгелек

Велосипедке арналған сәнді дөңгелек

Көлік дөңгелектеріне сәнді көрінетін дискілер мен неонды шамдарды жасандырып қоятын жасампаздыққа толы үрдіс ендігі таңда велосипедшілерге де ортақ ұғым болғалы отыр. Калифорниялық “MonkeyLetric” фирмасы “Monkey Light Pro” жобасы аясында кез келген "шайтан арбашы" дөңгелек шабақтарына "қозғалып" тұратын осы бір  суреттерді орналастыру арқылы мақтаныш сезіміне бөленбек.

“Monkey Light Pro” жобасы әсері айрықша иллюзия мен ойнамалы суреттерді көз алдыға келтіретін шағын сәуледиодты элементтер топтамасынан тұрады. Сонымен сол қатарда, велосипедтің жекелей қасиетін есепке ала отырып, өзіндік дизайн үлгісін жасауға мұрындық болады.

“Monkey Light Pro” ортақ саны 256 элементке жуық сәуледиодтан тұратын төрт бірдей резеңке суөткізбейтін бөлігінен тұрады. Әр бөлік дөңгелектің шеңбер тұсына шоғырланып, магнитті қондырғы мен қос білікті акселерометрдің арқасында аталған анимациялар жылдамдық пен бағыт өзгерісіне қарамастан тұрақты түзілістерінен айнымақ емес.

Әзірше, аталған жоба қаржылай көмек жинау үстінде. Алда-жалда нарыққа жол тартар болса, онда бір дөңгелектің құны 500 доллар шамасында болмақ.

Cурет: www.gizmag.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига