BMW "бестіктің" сырын ашты

BMW "бестіктің" сырын ашты

BMW компаниясы өзінің жаңарған 5-сериясын таныстырды. Осылайша фейслифтингке (сыртқы өзгеріс) компанияның седан, әмбебап, лифтбэк GT және M5 көліктері ұшырапты. 

Сырты көрінісі өзгерген модель орта жастағы адамдарға лайықталып жасалған десек те болады. Сонымен, BMW 5-сериясы хромдалған бамперге, өзгеше кейіптегі алдыңғы фарларға, радиатор торына, автоматтандырылған қос айнаға, сондай-ақ жаңа дизайндағы дөңгелек дисктеріне және қосымша жаңа түстерге ие болды.   

1

Енді көліктің ішіне кіріп көрейік. Жаңарған BMW 5 интерері де біршама өзгерістерді басынан өткергені көрініп тұр. Енді көліктегі ыдыс-аяқ салатын тетік жаңарып, одан басқа ұсақ-түйек салуға арналған қосымша орындар да пайда болған. Сондай-ақ iDrive жүйесінің дисплейі де өзгерген. Ал артқы орындықтағы жолаушылар үшін жаңа мультимедиялық жүйе экрандары пайда болды. Одан бөлек,  BMW 5 GT жүк салғышының да көлемі бірден 60 литрге көбейіп, енді қазір ол 500 литрді құрайды. Сонымен бірге Modern Line және Luxury Line қосымша құрылғылары да пайда болған. Және де қосымша қаржыға көліктің жарықдиодты фары бар нұсқасын сатып алуыңызға әбден болады. 

3

5

Еуропада BMW 5-сериясындағы көліктер 518d нұсқасында "седан" және "әмбебап" кузов түрлерінде ұсынылатын болады. Ол 2,0-литрлі, қуаты 146 а.к тең және 360 Н∙м қозғатқышпен жабдықталған. Ал 520d нұсқасы (184 а.к., 380 Н∙м) енді бұрынғысына қарағанда үнемді болып келеді. 

4

Сондай-ақ 520d седандары мен әмбебап көліктерінде xDrive толық жетегі орналасқан. Ал BMW 550i енді қуаттырақ бола түскен: 4,4-литрлі битурбиналық мотор бұрынғы 407 а.к. және 600 Н∙м орнына сәйкесінше 450 а.к және 650 Н∙м көрсеткіштеріне ие. 

6

Жаңарған BMW 5 2013 жылы жаз айының соңына қарай сатылымға шықпақ. Көліктің бағасы жөнінде нақты ақпарат жоқ. Салыстырмалы түрде айта кетсек, осы сериядағы бұрынғы седан бағасы 8 825 000 теңгеден басталған еді.  

 

Дайындаағн: Болат Қосмағамбет

сурет: auto.mail.ru

Б. Қосмағамбет