Көлік нөмірлері тіркелген мекенжайға сай беріледі

Көлік нөмірлері тіркелген мекенжайға сай беріледі

Бұдан былай Қазақстанда мемлекеттік көлік нөмірлері азаматтың тіркелген мекенжайына қарай беріледі. Бұл туралы BNews.kz порталында өткізілген онлайн-конференцияның аясында Қазақстан Республикасы ІІД жол полициясы комитетінің төрағасының орынбасары Марат Жұмағұлов айтты.

"Түзетулер енгізілген жаңа заң жобасына орай, транспорттың қайда тіркелгеніне, оның иесі қай аймақта жүргеніне қарамастан, азаматтың тіркелген аймағының номерін ғана ала алады. Алматыға Атыраудан келіп, Алматының нөмірін алғысы келетіндер көп", - деді Жұмағұлов.

Нөмір берумен арнайы Қоғамдық қызмет көрсету орталықтары айналысатын болады. Айта кетелік, бұндай орталық қазір тек екі қалада - Алматы және Қарағандыда бар. Дәл осындай мекеме 2013 жылдың аяғына дейін Астана қаласында іске қосылады деп күтілуде. Қазіргі кезде бұндай орталық Ақтауда өз жұмысын бастап жатыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: tengrinews.kz 

Massaget