Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Авто / Классика / Ferrari тарихы I-бөлім

Ferrari тарихы I-бөлім

Ferrari тарихы I-бөлім

Бүкіл әлемге аты мәшһүр автоөндіруші Энцо Феррари 1898 жылы Модема қаласында дүниеге келген. Бала кезінен бастап Энцо көліктерге қызығып, автобәйгелерді сүйіп бақылады. Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяғында Феррари CMN (Costruzioni Meccaniche Nazionali) спорттық топтың құрамына еніп, соның сапысында аянбай тер төккен. Кейін 1920 жылы ол «Альфа Ромео» фирмасына орналасып, сынақшы-жүргізуші қызметін атқарып, көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Нәтижесінде Феррари өзінің жеке «Скудерия Феррари» деп аталатын тобын құрып алады. Негізінен команда құрамы «Альфа Ромео» бәйге көліктерін жетілдіру жұмыстарымен айналысып, көптеген жарыс-бәйгелерге қатысатын. Сол кезден бастап компанияның таңбасында әйгілі тұлпардың кескіні көрінеді.

Энцо Феррари

Әйгілі авто конструктор аталған фирмада 1938 жылға дейін еңбек етіп, екі жылдан кейін «Авио Конструциони» атты жеке фирмасының негізін қалайды. Алғашында бұл фирма арнайы станоктардың өндірісімен айналысатын. Бұл фирманың қабырғаларында Феррари өзінің алғашқы көлігін - «815» үлгісін құрастырған. Энцо «Альфа Ромео» компаниясынан кеткен кезде, басшылық оған бірнеше шарт қойған. Шарт бойынша, Феррариға 4 жыл көлік өндіру жұмыстарымен айналысуға тыйым салынғандықтан, ол көліктерге өз атын қоя алмайтын. 1940 жылы ұйымдастырылған «Милле Милья» байқау-бәйгесінде «815» үлгідегі көлікке мініп алған Лорацио Рангони мен Альберто Аскари ақырында мәре сызығын кесіп өте алмаған. Екінші дүниежүзілік соғыс басталған сәтте өндіріс орны Модена қаласының маңында орналасқан шағын ғана Маранелло елді мекеніне көшірілгенімен, АҚШ-тың әуе қорғаныс күштерінің бірнеше шабуылына тап болады. 1946 жылы кәсіпорын күрделі жөндеуден өтіп, жаңа көліктер өндірісі қайта жанданады. Осылайша, ресми түрде әйгілі компанияның тарихы 1946 жылы басталды.

Жаңа фирманың бірінші шығарған көлігі болып Феррари-125 GT үлгісі танылды. Осы үлгіден кейін V12 цилиндрлі қозғалтқышы бар «125S», «159S» және «166» үлгілері жарық көрген. Мұндай қозғалтқыштардың цилиндрлер блогында бір бөлуші механизм орналасқандықтан, Феррари өнімдері өзге көліктерден ерекшеленетін. Алайда, үлкен спортта осы көліктер айтарлықтай көзге түспегенімен, Феррари күдерін үзген емес. Нәтижесінде 1948 жылы қазіргі Формула 1 бәйге көліктерінің түптұлғасы ретінде танылатын-«Феррари 125» үлгісі жарық көрген. Дәл сол жылы фирманың техникалық директоры болып Аурелио Лампреди тағайындалды. Ол «125» үлгісін қайта құрастыру ісін өз мойнына алып, фирманың өсіп, өркендеуіне өз үлесін қосқан. Уақыт өте келе Феррари көліктері жетіле түсіп, қозғалтқыштардың қуаттылығы бұрын- соңды болмаған көрсеткіштерге ие болған. Ақырында Феррари көліктерінің соңғы үлгісі ғана «Альфа Ромео» көліктерімен бәсекеге түсе алатын. Осылайша, 1951 жылдың 14 маусымында аргентиналық Фроилан Гонзалес британдық «Сильверстоун» трассасында мәреге бірінші жетіп, жеңіске қол жеткізген. Ферраридің «166»  үлгісі фирмаға болмаған танымалдылық әкеліп, Энцоның атын  бүкіл елге әйгілі еткен.

Форумға кіруді ұмытпаңыз.

Сурет: lichnosti.net, ferrari-blog.com.ua

2813 2
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 04 ақпан 2012, 13:13
Пікірлер
+0
04 ақпан 2012, 13:28

Энцо Феррари өте күйгелек, ашушаң, қызба мінезді адам болған деседі. Оның инженері Мауро Форгьери бір сөзінде былай депті: " Бизнесмен ретінде оған тағар мінім жоқ, ал адам ретінде өте пасық адам еді"

+0
04 ақпан 2012, 21:46

Бұл феррари ме? Жоқ, бұл Бентли...)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...