Әлемде талай қызық бар: "Көкнәр" шамы

Әлемде талай қызық бар: "Көкнәр" шамы
Фото: vilingstore.net

Израильдің Vallero Square орталық алаңында интерактивті шам орнатылды. Алып шамның ерекшелігі көкнәр гүліне ұқсастырылып жасалған. 
Warde – бұл қаланы безендіріп қана қоймай, халық игілігіне жұмыс жасап тұрған төрт алып көкнәр гүлі тәрізді шам. Ол қолшатыр жұмысын да атқарады. Мәселен қасына адам келген кезде аталған құрылым өздігінен жұмыс жасап, гүл бүр жарып, гүлдеген секілді ашылады да, адам болмаған кезде солып қалады. Күндіз өзінің түсін сақтаса, кешке қарай түрлі түстерге боялып жұрттың көңілін табады. 
Vallero Square – құрылыс түрлері әртүрлі бағытта салынған орталық. Тіпті бұл жердегі көптеген ескерткіштер мен көңіл көтеретін түрлі дизайндегі декарациялардан көліктердің де қатынауы өте қиын. 
Warde жобасының басты мақсаты қаладағы бей-берекеттің алдын алу емес. Себебі бұл мүмкін емес нәрсе. Тек қана халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, оларды бақытқа бөлеу. 

М. Ақан