Қазақстанда әдемі нөмірлердің бағалары анықталды

Қазақстанда әдемі нөмірлердің бағалары анықталды

Қазақстанда әдемі нөмірлердің бағалары анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz жол полиция комитетінің тіркеу мен емтихан жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі бастығының мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Біз бұндай көлік нөмірлеріне қатаң тариф орнатуды ұсындық. Біз оларды ерекше және сұранысы үлкен мемлекеттік нөмір деген екі топқа бөлген едік. Осы екі топқа жататын мемлекеттік тіркеу нөмір бағасы мың жарым доллардан екі жарым мың долларға дейін болмақ"- деп мәлімдеді Бақытжан Балташев.

Тіркеу мен емтихан жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі бастығының айтуы бойынша, бұл бөлімше "Жол жүру туралы" заңнамаға енгізіліп, үкіметке жолданды. 

Балташевтің сөзіне сенетін болсақ, ерекше нөмірлерге: 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009 нөмірлері жатады. Сұранысы үлкен мемлекеттік нөмірлер деп 100, 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900 сондай-ақ, 111, 222, 333, 444, 555, 666, 777, 888, 999 сынды нөмірлер танылды. Барлығы 27 мемлекеттік нөмір. Сатылған нөмірлерден түсетін қаражат мемлекеттік қазынаға жіберіледі. 

Есіңізде болса, біз әдемі нөмірлерді меншікке алу мүмкіндігі жайлы айтып кеткен болатынбыз.

Әдемі көлік нөмірі жайлы қызықты дерек: Біріккен Араб Әмірлігінде "1" саны бар көлік нөмірі 14 000 000  АҚШ долларға сатылды. Бұл шараны жүзеге асыру үшін арнайы аукцион ұйымдастырылып, бүкіл мемлекеттен бай, әл-ауқатты адамдар шақырылған. Бүкіл әлемдегі жалғыз нөмірдің иесі болып Абу-Даби тұрғыны 25 жасар Саид Абдул Гаффар Хоери танылды. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Сурет: vk.com