Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Авто / Классика / Автокөлік: BMW M3. E30

Автокөлік: BMW M3. E30

Автокөлік: BMW M3. E30

Естеріңізде бар болса, біз сіздерді немістің BMW көлік шығарушы компаниясының тарихымен таныстырып өткен болатынбыз. Бұл өндірушінің шығарған көліктері дүниежүзінің түкпір-түкпіріне тарап, әр елді-мекенде өзінің иесін тапқан. Әуелден бастап, "БМВ" көліктері халықтың түсінігінде спорттық темір тұлпар болып қалыптасып кетті. Оның да себептері бар. Қуатты мотор, жылдам үдеу мен қатаң стильде орындалған сыртқы келбет көлікті ерекшелейді. Және де бүгінгі біздің өрбітейін деп отырған әңгімеміз осының айғағы.

BMW M3 E30

Бұл көліктің тарихы сонау 1985 жылдан бастау алып келеді. 1985 жылғы Франкфурт автокөрмесінде BMW M3 E30 дебюты болса, сатылымға тек екі жылдан кейін жіберілді. Осындай кідірістің де себебі бар. Алғашында өндірушілер көліктің спорттық нұсқасын жасап, кейін оның негізінде халыққа арнап, қарапайым үлгіні конвейерге шығарды. Жарыстарға қатысу үшін спорттық үлгі негізінде жасалған көліктің 5000 данасы шығарылуы тиіс еді. 

жарыс пен қарапайым үлгілердің айырмасы жоқ десе де болады

Негіз ретінде E30 шанағын таңдаған BMW Motorsport  инженерлері оны жетілдіріп, рамасын қатайтқан. Көліктің қатаңдығын үлкейту үшін алдыңғы және артқы терезелер желіммен отырғызылып, машинаның "қанаттары" жайылды.

 қарапайым Е30 М3-дің артқы бөлігі қатты ерекшеленді

Көліктің серіппелі салпыншағы да назардан тыс қалмады: қатайып, төмендегеніне қоса, тұрақтандырғыш тіреуіштердің бекіту механизмі қатты ерекшеленді. Рөл рея механизмі қысқарып, жылжымалы механизмдердің көбісі қатайған элементтермен алмастырылды. Сыртқы жағынан М3 қарапайым Е30 қатты айырмашылық байқауға болады. 

M3 E30 әуелден түрлі жарыстарға қатыстырылып, бәсекелестерімен сансыз байқауларда бақ сынасқан. Әрине, бұл "бумер" көптеген жарыстарда мәре сызығын бірінші болып кесіп отырған. 24 сағаттық Нюрбургрингтен бастап, әлемдік деңгейде ұйымдастырылған ұлттық жарыс серияларына дейін. М3-ке дейін Бавария туын үлкен өлшемді 6 сериялы купе қорғап, түрлі жарыстардың жеңімпазы атанып отырған. Кейін халыққа кішкентай "эмканы" көрсеткенде, бәрі бұған күмәнмен қарады. Бірақ Schnitzer компаниясының менеджері жаңа М3-тің тізгінін алауыздағанда, оның таң қалғаны түрлі журналдардың беттер мақалаларында жазылған. 

BMW әрдайым заманға қадаммен басып отырған. Сондықтан да, катализаатордың орнатылуы өндірістің бірінші күндерінен басталса, 1988 жылдан бастап еуропалық үлгілерге Boge сеіппелі салпыншақты орната бастады. 

Қатаңдық таңдау түймесі

Бастапқыда М3 көлемі 2302 см3, қуаты 200 а.к. қозғалтқышпен жабдықталатын. Катализаторы бар үлгіде қуаты сәл аздау еді- 195 күш. Жаңа Evolution атты рестайлинг үлгісі 1987 жылы көрсетіліп, қозғалтқыштың құрылымы сәл өзгертілген болатын. Сондықтан да оның қуаты қатты ерекшеленбеді - 200 ат күші. M3 Evolution жалпы тиражы- 505 темір тұлпарды құрып отырған.

Двигатель S14 на BMW M3

1989 жылдың сәуір айында Johnny Cecotto/Roberto Ravaglia шектеулі көліктер сериясына катализаторы бар жетілдірілген қозғалтқыш орнатылған. Бұл мотор көлікке 215 ат күшін берген. 1989 қыркүйек айынан бастап бұл мотор базалық үлгілердің капоттарынан табылған. 

Evolution үлгілері жеке әңгіме қозғауды талап етеді. Егер бірінші ұрпақ қозғалтқыштарының күші қарапайым үлгілермен тең болса, 1988 жылы өндіріске шыққан екінші ұрпақ 220 ат күшке ие болған. Сығу деңгейінің өсуі мен жетілдірілген бүрку технологиясы, басқару блогының қайта жүктеу операциялары мен катализатордың жоқтығы, қозғалтқышқа қосымша күш берді. Evolution II үлгісінің 501 данасы құрастырылған болатын.

BMW M3 Sport Evolution

Қозғалтқыштың жұмыс көлемі  цилиндрлерді кеңейту арқылы 2467 см3-ке жетіп, клапан арналардың да өлшемдері ұлғайған. Машинаның салқындату деңгейін мейлінше жоғарылату үшін май негізінде жұмыс істейтін форсуноктар қолданылған. Жоғарыда айтылған жетілдірулердің арқасында көлікті  238 ат күшіне дейін күшейткен. 1989-1990 жылдары аралығында конвейерден бар-жоғы 600 купе шыққан.

Суреттер: idrive.kz

3275 7
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 16 сәуір 2012, 19:07
Тегтер: авто, бмв, классика, bmw,
Пікірлер
+0
17 сәуір 2012, 11:42

Тема ғой!

+0
17 сәуір 2012, 21:52

маган унап калды

+0
17 сәуір 2012, 22:30

да, жынды мәшнә

+0
23 сәуір 2012, 16:57

Бэханың фанатигісің ғо дим?

+0
12 мамыр 2012, 21:28

бүгін тап осы көлікті көрдім көшеден :mrgreen:

+0
15 мамыр 2012, 13:36

Кимэптің жанынан ба?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...