Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Авто / Классика / Президенттердің автокөліктері. 2-бөлім

Президенттердің автокөліктері. 2-бөлім

Президенттердің автокөліктері. 2-бөлім

Президенттердің автокөліктері. 1-бөлім

Естеріңізде болса, өткен аптада сіздерді КСРО кезінде 15 елді басқарған Ленин, Сталин, Брежневтердің автосаябағындағы көліктермен таныстырған болатынбыз. Ел басшыларының мінген темір тұлпарларын білу кім-кімге де қызық болмай қоймас. "Ел басшының көлігі - елдің айнасы" деп айтып кетіп едік қой, басқа елдердің "айналары" қандай екенін білгіңіз келіп тұрған болар. АҚШ президенттері қандай көлікпен жүргенін, Германия канслері Ангела Меркелдің таңдауы қай темір тұлпарға түскенін білгіңіз келсе, мына мақаламен таныс болыңыз.

Америка президенттеріне арналған Cadillac лимузиндері

АҚШ-тың экс-президенті Джордж Буштың атына бірнеше лимузин тіркелген. Жақында оның гаражында қолмен жиналған, әрқайсысының салмағы 8 тонна болатын үш Cadillac DeVille болды. DeVille капотының астында көлемі 8 л, қуаты 520 ат күші болатын V8 қозғалтқыш орнатылған. Көліктің салонында былғарымен қапталған 7 жайлы, жұмсақ орындық орнатылып, аудио-бейне техниканың сансыз түрімен жабдықталған. Бір қызығы, көлікте орнатылған телефонның көмегімен дүниежүзінің әр нүктесінен "ақ үй" мен пентагонға хабарласуға болады. Әрдайым маңызды шараларды шешуге көмектесетін таптырмайтын құрылғы. Осы үш көліктің бірге алып санағандағы нарықтық бағасы 10 миллион даллар шамасында. Айтпақшы, осы көліктерді жалға алғаны үшін Буш жылына 1 доллар төлейді.

Cadillac DeVille

2005 жылдың басында Буштың гаражында тағы бір лимузин орын тапты. Президентті жұмыс сапарымен ары-бері Cadillac DTS 2005 үлгісі алып жүрді. Буштың лимузины сол жылы шыққан үлгілерден ұзындығы мен биіктігімен ерекшеленді. Оқ өтпейтін терезелер мен гранатаның жарылысынан қорықпайтын лимузинді Буш үшін арнайы мамандырылған қызметкерлер қолмен жинап берген. Байланыс құралдарының толық жинақталуы жайлы әңгіме қозғаудың өзі артық дүние сияқты. Көліктің ішінде орнатылған интеркомның көмегімен экс-президент көлік жанында келе жатқан қауіпсіздік қызметкерімен сөйлесе алады. Бушпен бірге бұл көлікте 7 адам жайғаса алады. Әр жолаушының орындықта жайлы жайғасуы үшін компьютер әрбіреуінің салмағын, бойын ескеріп, керекті бұғаттауларды іске қосады. Керемет емес пе? Былғары орындықтар туралы ұмытып бара жатқан сияқтымыз. Иә, орындықтар былғарымен қапталған.

Cadillac DTS 2005

АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ БАРАК ОБАМАНЫҢ КӨЛІГІ

Көліктің сырты мен іші Cadillac брендін басқа автоөндірушілерге қарағанда алға қояды. Мысалы, көлікте орнатылған екі бөлімді радиатор торы көзге бірден түсіп, лимузиннің сәнін келтіреді. Бұндай тормен CTS пен Escalade үлгілері мақтана алады. Бұған қоса, лимузинге үлгілер қатарындағы басқа көліктерге орнатылатын тік формалы шамдар қойылған.

Обама қатынайтын лимузиннің биіктігі өскенімен, оның жолдағы алатын орны алдыңғы үлгідегідей. Неге десеңіз, көліктің ені өзгермеген екен.

17263

Президент көлігі - ядролық қаруды басқаратын қара шабадан секілді, биліктің айырылмас нышаны. Бағасы 2 миллион доллар!

АНГЛИЯ

Ұлыбритания премьер-министрі Уинстон Черчильдің 1939 жылғы Daimler DB18 Drophead Coupe көлігі.

Daimler DB18 Drophead Coupe көлемі 2,5 л болатын 70 а.к. алты цилиндрлі қозғалтқышпен қамтылған. Көліктің максималды жылдамдығы 122 ш/с. Машинаны 80 ш/с үдету үшін 18 с уақыт қажет.

Ұлыбритания премьер-министрінің көлігі

Bentley State Limousines. Көлемі 6.75 л қозғалтқышқа екі деңгейлі турбина орнатылғанғандықтан, машина 400 ат күшіне ие. Максималды жылдамдығы 210 ш/с. Бұндай қозғалтқышы бар темір тұлпар жанармайды шелектеп ішетін болар.

ГЕРМАНИЯ

Германия елшісі Ангела Меркельдің гаражында AUDI A8 көлігіне орын табылған.

audi_probeg_a8_01

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэрдің екі Jaguar Super XJ V8 үлгісі бар. Осындай "құбыжықтың" капотында орналасқан 395 күшті қозғалтқыш машинаны 240 ш/с үдетіп қана қоймай, "жүзді" бар жоғы 5,2 с уақытта бағындыра алады. Екі көліктің қауіпсіздігі жоғары деңгейде. Жанармай багы оқ пен граната жарылысынан қорықпайды. Ал есіктер 3.7 мм темірмен қапталған. Көліктің ішіне улы газға толы бомбаларды лақтырғанның өзінде, жолаушылардың денсаулығына еш қауіп төнбейді. Бұндай көлік сериялық үлгіден 3 есе қымбат тұрады. 

Jaguar Super XJ V8

Суреттер: avtomedont.wordpress.com

4204 5
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 04 сәуір 2012, 16:00
Пікірлер
+0
04 сәуір 2012, 18:25

Меркельдің аудиы жынды

+0
04 сәуір 2012, 18:34

Біздің Алматының әкімдерінікі жынды бұның жанында!

+0
04 сәуір 2012, 21:52

мм бугін бір лексус лс 460 па 450 ма есімде жоқ, көргем. АА :mrgreen:

+0
05 сәуір 2012, 06:57

мына мақаланы кім жазса да тема кетіпті респект :!:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...