Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Авто / Ең, ең,ең... / Көліктегі музыка қандай болуы керек?

Көліктегі музыка қандай болуы керек?

Көліктегі музыка қандай болуы керек?

Confused.com порталының мамандары Саймон Мур есімді психолог ғалыммен бірлесе отырып, музыканың көлік жүргізу қауіпсіздігіне әсерін зерттеді. Нәтижесінде ең қауіпті және ең қауіпсіз плейлистер тізімі құрастырылды.

Психолог маманның айтуынша, көлікте тыңдауға ең қауіпті әндер шулы болады, олар жүрек соғысының жиілеуіне әсер етеді. Қауіпсіздік сондай-ақ музыканың жанрына байланысты. Тәжірибе барысында хип-хоп тыңдайтын жүргізушілердің дөрекі әрі жылдам айдап, соңғы сәтте тежегішті басып, басқаларға жол бермейтіні анықталды. Ауыр рокты тыңдайтын жандардың спидометрі тек жоғары сандарды көрсетті. Классикалық музыка туындыларын тыңдайтындар да көлікті бей-берекет айдаған екен. Жалпы жүргізушіге ұнамайтын ән қосылып тұрса, оның көлікті айдау мәнері бұзылады екен. 

Тәжірибеге 8 адам (4 ер адам, 4 әйел) қатысқан. Олар 400 км қашықтықты мүлдем музыкасыз өтіп, дәл сондай қашықтықты белгілі бір музыкамен айдап өткен. Тәжірибе барысында көліктің жылдамдығы, тежелу уақыты мен жиілігі және ережелерді бұзу есептелді. Нәтижесінде ең қауіпсіз және ең қауіпті музыка тізімдері құрылды.

Көлік айдауға қауіпті 10 ән:

1. Hey Mama — The Black Eyed Peas 
2. Dead on Arrival — Fall Out Boy
3. Paper Planes — M.I.A 
4. Walkie Talkie Man — Stereogram 
5. Paradise City — Guns N’ Roses 
6. How You Remind Me — Nickelback
7. Hit the Road, Jack — Ray Charles 
8. Get Rhythm — Johnny Cash
9. Heartless — Kanye West
10. Young, Wild and Free — Snoop Dogg & Wiz Khalifa (feat. Bruno Mars)

Жалпы көлік айдауға жағымды әндердің ритмі жүргізушінің пульсімен сәйкес болады. 

Көлік айдауға қауіпсіз 10 ән:

1. Come Away With Me — Norah Jones
2. Billionaire Feat. Bruno Mars — Travie McCoy
3. I’m Yours — Jason Mraz
4. The Scientist — Coldplay
5. Tiny Dancer — Elton John
6. Cry Me a River — Justin Timberlake
7. I Don’t Want to Miss a Thing — Aerosmith
8. Karma Police — Radiohead
9. Never Had a Dream Come True — S Club 7
10. Skinny Love — Bon Iver

Ал сіз көлікте қандай музыка тыңдайсыз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

493 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 16 қаңтар 2013, 16:01
Тегтер: авто, көлік, музыка,
Пікірлер
+0
16 қаңтар 2013, 15:39

Қазақша әндердің көлік айдауға қауіптілігі жоқ шығар. бірақ ана "қызыл өрік"? :roll:

+0
16 қаңтар 2013, 17:14

арты "қызық есік" болып кетері сөзсіз.

+0
16 қаңтар 2013, 15:50

Мұңды әнге ойланып кетсең... :roll:

+0
16 қаңтар 2013, 16:13

Мен қазақша әндерді құп көремін

+0
16 қаңтар 2013, 16:53

Мен радио тыңдаймын, жазып алған дисктерден жалығамын

+0
16 қаңтар 2013, 18:11

Көлігіңде қазақша ән мен Құрманғазының күйі, Қорқыттың қобызы ойнап тұрса, 24 сағат айдап жүре ересің!

+0
17 қаңтар 2013, 09:41

енді жүрейік сол анау қауіпті анау қауіпсіз деп

+0
18 қаңтар 2013, 00:27

BRUNO MARS

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...