Қоқыстан жасалған лимузин

Қоқыстан жасалған лимузин

Салтанатты лимузин көріп пе едіңіз? Ал металл сынықтарынан құрастырылған салтанатты лимузинді ше?

72 жастағы бізге беймәлім бір жүргізуші 10 жыл бойына металл қалдықтарын жинай жүріп, ақыры осы бір ғаламат көлікті жасап шығарған. Көліктің жалпы салмағы - 3,5 тонна, ал ұзындығы - 9 метр. Ішкі бөлігі - әртүрлі механизмдердің қалдықтары. 

Аталған көлікте жарық берудің 86 көзі бар болып шықты. Ең қызығы, әуе-реактивтік қозғалтқыштардың екі бірдей корпусы жайғасқан көліктің 10 емес, 20 емес, 36 бірдей айнасы бар екен.

Айтпақшы, лимузинге он адам емін-еркін сыйып кете алады.

сурет:h-class.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига