Электр моторлы Audi A6 e-tron Sportback көлігі

Электр моторлы Audi A6 e-tron Sportback көлігі

Audi компаниясы жаңадан зерттеп жасаған A6 e-tron Sportback көлігі шетел ақпаратында алдын ала жарияланып үлгерді. Ақпарат дерегіне сүйенсек, бұл көліктің ең басты ерекшелігі қосымша электр моторлы болғандығы екен. Электр энергиясымен от алып, зарядтауға болатын көлік бұл компанияның жаңа белеске қадам басқандығынан дерек береді.

Бұл көлік ресми түрде алдағы қыркүйек айында өткізілетін Франкфурт көлік жәрмеңкесінде таныстырылатын болады.

Шетел ақпаратында жарияланған суреттерге негізделсек, жаңа типті көліктің жобасы мүлде жаңа. Жаңа дәуірдің өзгеше көлік стилін қалыптастырған. Жалпы ұзындығы 4800мм айналасында.

Мотор қысымы жағынан бұл көлікке 300 ат күшіне тең 2.0Т S3 бензин моторы орнатылған, бұл бензин мотор 100 ат күшіне тең электр моторымен бірге жұмыс жасайды. Тек қана электр моторын қолданып 75-100 km айналасында жол жүре алады. 100 km/h жылдамдықты бар-жоғы 5 секундта игереді. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: caranddriver.com

Қ. Қауымбек