Тұлпар M6 Gran Coupe көлігі

Тұлпар M6 Gran Coupe көлігі

Жақында «Тұлпар»(BMW) автокөлік компаниясы өзінің интернет сайтында M6 Gran Coupe көлігінің суреттерін жариялады. Сайтта бұл көліктің алдағы көлік жәрмеңкесінде бой көрсететіні айтылған. 2013 жылы мамыр айында Германияда сатылымға шығады екен. Алғашқы сатылым: 128.8 мың еуродан басталмақ.

Бұл BMW M көлік тобына тәуелді. Сол үшін де сыртқы көрінісі осы көліктің жобасында жасалған. Ең басты ерекшелігі ауа өткізгіш терезесінің аумағы үлкейтілген және төрт газ шығару түтігі орнатылған. Дөңгелектің үлкендігі 20 дюйм.

Мотор қысымы жағынан M6 Coupe көлігімен ұқсас 4.4L V8 мотор. Ең жоғары энергиясы 560 аткүшіне тең. жеті бірлікті жылдамдық арттырғыш (коробка) орнатылған. 100km/h жылдамдықты бар болғаны 4.2s игереді. Ал көліктің ең жоғары жылдамдығын 305km/h дейін көтеруге болады.

M6 Gran Coupe көлігінің бұдан басқа да ерекшеліктері тек жәрмеңке кезінде ғана таныстырылатын болады. Бұл көліктің жобасы жайлы 2012 жылы қарашада BMW M типті көліктердің 40 жылдық мерекесінде айтылған болатын. 

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек