Ең жаңа Mерседес C63 AMG көлігі 2014 жылы сатылымға шығады

Ең жаңа Mерседес C63 AMG көлігі 2014 жылы сатылымға шығады

Мерседес компаниясының көптен бері жұрт назарын өзіне аударып жүрген C63 AMG көлігінің жаңа үлгісі қазір сынақ мезгіліне енді. Баспасөз мәжілісінде компания бұл машинаны 2014 жылы сатылымға шығады деп жариялаған болатын. 2014 жылы ұқсас мезгілде BMW M3 көлігі де сатылымға шығады, сонымен бұл екі автокөлік ортасындағы бәсеке басталды дей беріңіз.

(Суретке қарап бар болмысы осылай екен деп қалмаңыз. Бұл көліктің сыртқы қаптамасыз нұсқасы)

C63 AMG

BMW M3

Сынақ мезгіліндегі суретке сүйенсек, көліктің алдыңғы бөлігіне бұрынғы нұсқаларына қарағанда көп өзгеріс енгізілген. Және белгілі дәрежеде үлкейтілген. Және қауіпсіз, бекем жасалғаны көрініп тұр. Бірақ, салмағы бұрынғыдан жеңілдетілген. Бұрынғы 6.3 литрлі V8 моторы 5.5 литрлі моторға өзгертілген. Мотор қуаты мен сапасы жоғары деңгейге арттырылған. 7 бірлікті жылдамдық арттыру сандығы (коробка) орнатылған.

100km/h жылдамдыққа бар болғаны 4.3 секундта жетуге болады екен. Бұрынғыға қарағанда бензин шығыны да төмендетілген. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек