Volvo XC90 көлігінің жаңа нұсқасы келер жылы сатылымға шығады

Volvo XC90 көлігінің жаңа нұсқасы келер жылы сатылымға шығады

SUV типті көлік базарының бәсекесі көлік өндіру саласында қызып-ақ тұр. 2003 жылы сатылымға шыққан VOLVO XC90 автокөлігі бұл бәсекеде алға озды деп айта алмаймыз. Одан бері қаншама жыл. VOLVO компаниясының бұл көлігі базар бәсекесінде әлсіздік танытты. «Шешінген судан тайынбайды» демекші, олар енді шындап кіріскен сыңайлы. Жуықтан бергі шетел ақпаратына сүйенсек, бұл компания 2014 жылы XC90 көлігінің жаңа нұсқасын қайта жарияламақ.

Интернет бетінде бұл туралы жоба суреттері де жарияланып үлгерген. Жаңа дәуірін қалыптастырмақ болған бұл көлік SPA нұсқасында жобаланған. Бұл жаңа көлікке VEA құрылғысы және 4 серіппелі қысым арттырғыш мотор орнатылған. Бұл типтегі мотордың ең басты ерекшелігі бензин үнемшілдігінде.

Ең тез болғанда келесі жылдың алғашқы айларында сатылымға шығатын көліктің өзге де ерекшеліктері әлі де толық жариялана қоймаған. Дегенмен SUV типті көліктер бәсекесінде VOLVO компаниясының ең басты үміті осы көлік сияқты. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com 

Қ. Қауымбек