Еуропалықтардың таңдауы - Volkswagen Golf

Еуропалықтардың таңдауы - Volkswagen Golf

Еуропа нарығында соңғы айда ең көп сатылған автомобильдердің тізімі жарияланды. Бұл есеп JATO Dynamics зерттеу компаниясының мұрындық болуымен жүргізілді.

Соңғы айдағы Еуропадағы ең көп сұранысқа ие болған көлік Volkswagen Golf болды. Бір ай ішінде автоның 33 156 данасы сатылды. Дегенмен 2011 жылдың қазанындағы көрсеткіштермен салыстырғанда, бұл нәтиже сәл төменірек. Ол кезде барлығы 37 714 Golf сатылған еді.

ав

Ford Fiesta

Екінші орында Ford Fiesta тұр. Көліктің осы период ішінде 26 145 экземпляры сатылған. Үшінші орынға 23 352 данасы "қолды болған" Peugeot 208 жайғасқан. Тізімнің алғашқы ондығында Renault Clio, Volkswagen Polo, Opel Corsa, Opel Astra, Ford Focus, FIAT Panda және Nissan Qashqai секілді модельдер бар.

Танымал брендер туралы аз-кем әңгіме. Зерттеу нәтижесі бойынша, ең көп сұранысқа ие Volkswagen компаниясының көліктері болып шықты. Қазан айының көрсеткіші бойынша, 30 күннің ішінде компания 133 319 дана көлік сатқан. Екінші орында 76 669 автомобиль сатқан Ford компаниясы тұр. Тізімнің үшінші сатысында Renault (65 965). Алғашқы ондыққа осылармен қатар Peugeot, Opel, Audi, Citroen, BMW, FIAT және Mercedes-Benz компаниялары кірді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: avtolog.com, euro-tours.travel