Хонда Фит автокөлігінің базары қызып тұр

Хонда Фит автокөлігінің базары қызып тұр

«Хон Да» халықаралық компаниясының бас директорының мәлімдемесіне сүйенсек, жаңа типті «Фит» автокөлігі алдағы төрт жыл ішінде Солтүстік Америкадағы сатылым мөлшері ең көп көлік болмақ. 2017 жылы наурыз айында 200 мың көлік сатылып үлгермек. Бұл көлік 2013 жылғы Чикаго автокөлік жәрмеңкесінде жарияланған болатын.

Бұл көлік 2011 жылдан бастап АҚШ базарына ене бастаған. Және сол жылы жалпы 64177 дана көлік сатылымға шыққан. Ал 2017 жылы 200 мыңнан астам көлік сатылып болады деп мөлшерленуде. Бұл көлік жалпы Хон Да компаниясы сатылым мөлшерінің 18%-ын иелейді екен. 2017 жылғы 200 мың дана деп белгіленген мөлшерге жету үшін бұл компания әлі 135 мың дана көлік өндіру қажет.

 

Бұл жаңа типті көлік Хон Да компаниясының жаңа бір даму басқышына өткендігінің белгісі. Компания директорының бұл есебі тұтынушылардың қазірден бастап тапсырыс берілген мөлшеріне негізделіп жасалып отыр. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: driveblog.com

Қ. Қауымбек