Әлемдегі ең ұзын автокөлік

Әлемдегі ең ұзын  автокөлік

Ұзындығы 30 метрден асатын 26 дөңгелекті лимузин Гиннес рекордтар кітабына әлемдегі ең ұзын автокөлік ретінде енді.

Бұл көлікті қала көшелерінен жиі көру мүмкін емес. Өйткені, осы темір тұлпар көптеген көрмелер мен кино түсірілімдерде ғана кездеседі. Көліктің барлық «жұмысы» Голливуд киностудиясында өтеді. Лимузиннің ішінде үлкен өлшемді су кереуеті мен бассейн бар! Бұған қоса, көліктің төбесіне тікұшақ қона алатын алаң орын тапқан. Сонда осы 30 метр лимузин жол бойында қалай қозғалады? Бұл жағдайда көлік екіге «бөлінеді», дәлірек айтқанда, бұрылыс кезінде тең екі бөлікке бүктеледі. Ал артқа жүрем десеңіз, көліктің артқы жағында қосымша жүргізушіге арналған кабина бар. Бұл көлікті құрастырған шеберлер барлық жағдайларды қарастырған.

Сурет only-most.ru сайтынан