McLaren 720S - 2017 жылдың ең үздік көлігі атануы мүмкін

McLaren 720S - 2017 жылдың ең үздік көлігі атануы мүмкін
Фото: vilingstore.net

McLaren 720S – 2017 жылдың ең үздік көлігі атануға лайықталып жасалған. McLaren Special Operations компаниясы ендігі бұл көліктің ерекше түске ие түрлерін жасап шығуда.

Аталған көліктің ерекшелігі түсінде болып тұр. Себебі көліктің түсі қарапайым түстен ерекше әрі қанық. Екі қабаттан түзілген түске көмкерілген көлік жылдың үздігі атану үшін тек түспен әрленбеген.

Қозғалтқыш күші V8 M480T немесе 170 аттың күшімен бірдей. Көлік 100 км. сағатына 2,9 секундта келеді. Ал 200 км. сағатына 7,8 секундта жетеді.

Аталған көліктің құны – 407 500 долларды құрайды және әлемдегі ең жылдам әрі түс ерекшелігімен таң қалдыратын көлік болмақ. 

Ж. Жұмағұлов