Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Авто / Ең, ең,ең... / Елімізде ең көп ұрланатын көліктер

Елімізде ең көп ұрланатын көліктер

Елімізде ең көп ұрланатын көліктер

Соңғы уақытта Қазақстанда көлік ұрлығы жиілеп кеткендіктен, көптеген БАҚ көздері елімізде ең көп айдап әкетілетін көліктердің тізімін жариялаған. Ұрылардың ең жақсы көретін маркасы – жапондық Toyota. Бұл туралы бірнеше ірі сақтандыру компаниялары мәлімдеген. Ең көп ұрланатын көліктер тізімінің екінші сатысында - немістің Mercedes-Benz маркасы. Немістің тағы бір өндірушісі осы қара тізімге түсіп қалған болатын. Рorsche маркалы көліктердің иелері де өз темір тұлпарларын қалайша қорғай алатынын білмей отыр. Ресей көліктері де назардан тыс қалмады. Осы көліктер халық арасында үлкен сұранысқа ие болғандықтан, ұрылар «жигули», «ГАЗдарды» айдап әкетіп, бөлшектеп сатады екен. Көбінесе ұрланатын көліктер 1991-1998 жылдары конвейерден шыққандар. Көліктерге байланысты қылмыстың екі түрі болады: айдап әкету және ұрлау. Егер қылмыскер көлікті айдап әкетуді көздесе, көліктің иесіне қайтарылу ықтималдылығы әлдеқайда жоғары. Өйткені, қылмыскердің басты мақсаты – темір тұлпарды уақытша айдап әкету. Қылмыскердің мақсаты көлікті сатып, пайда көру болса, онда темір тұлпардың қожайынына қайтарылуы туралы ұмытуға болады. Елімізде соңғы 5 жылда 2246 көлік ұрлығы мен 7818 айдап әкету фактісі тіркелген. Статистикаға сүйенсек, көлік ұрлау қылмысы жыл сайын қарқынды түрде өсіп жатқанын байқауға болады. Айдап әкетілетін көліктердің 75-80 пайызы қожайындарына қайтарылса, ұрланған темір тұлпарлардың 45-50 пайызы ғана иелеріне қайтарылады. 2003 жылы 386 көліктің 99-ы Қарағанды облысында ұрланса, 177 жүргізуші өз көліктерін қайтара алмады. 2004 жылы ұрланған көліктердің саны 412-ге дейін жетіп, 222 қылмыстық факті шешілмей қалған. Айдап әкету фактілеріне келетін болсақ, 2003 жылы 1406 темір тұлпардың 198-і иелеріне қайтарылмады. Келесі жылы айдап әкетілген көліктердің саны 1788-ге жетсе, оның 385-і иелеріне қайтарылмады. Сонымен, елімізде ең көп айдап әкетілетін көліктердің тізімі төмендегідей:

1. Toyota

2. Mercedes Benz

3. Porsche

4. «Ваз»

Сурет blogomobile.net сайтынан алынған

2196 10
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 23 қаңтар 2012, 14:40
Тегтер: көлік, ұрлау,
Пікірлер
+0
23 қаңтар 2012, 14:42

Ұрланатын көліктерді Қырғыз я Өзбекстанға апарады деген сыбыстарды естігенмін

+0
23 қаңтар 2012, 15:25

сол жақташашып тастайды да, кейін бізге сатады))

+0
01 ақпан 2012, 10:20

Мен Mazda-ның есігі тез ашылады деп естідім. )

+0
12 наурыз 2012, 13:44

любой кілтпен! ашып қана қоймай, айдап кетебересің! рақат! 626 рөлдид)))

+0
12 наурыз 2012, 13:53

626 90 жылдардың хиті еді

+0
12 наурыз 2012, 13:57

сол үшінде хит болған шығар)))

+0
13 ақпан 2012, 12:00

менің машинам бұл тізімде жоқ екен))))))

+0
22 ақпан 2012, 11:34

мен бір рет машинамды ұрламақшы болған ұрыларды қолға түсірдім.

+0
23 ақпан 2012, 18:34

дұрыс болған екен, сазайын тарттыңыз ба?

+0
04 сәуір 2012, 09:55

Менин колигм 4 орында.уйдеги екнши колик Ауди бул тизимде жок сиякты

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...