Ең қымбат автокөлік брендтері

Ең қымбат автокөлік брендтері
Фото: toyotaofkaty.com

«Millward Brown» компаниясы түзген рейтинг бойынша Жапонияның «Toyota» маркасы үшінші жыл қатарынан ең қымбат автокөлік бренді ретінде танылды. Бір жыл ішінде брендтің бағасы 2 пайызға түсіп кеткенмен, өз орнын сақтап қалып отыр.

«Toyota» автокөлігі брендінің бағасы 28,913 миллиард долларға бағаланған. Десе де бұл баға 2014 жылдың есебінен 2 пайызға аз. Әлемдегі ең қымбат көлік маркаларының көшін бастап тұрған Toyota-дан кейінгі орынға немістің «BMW» бренді орналасыпты. Өткен жылғымен салыстырғанда 2%-ға өскен көлік брендінің құны 26,349 миллиард долларды құрап отыр. Үштікті тағы бір неміс автокөлігі «Mercedes-Benz» (21,786 миллиард доллар) қорытындылаған.

Ең қымбат автокөлік брендтерінің ондығы:

1. Toyota — 28,913 миллиард доллар

2. BMW — 26,349 миллиард доллар

3. Mercedes-Benz — 21,786 миллиард доллар

4. Honda — 13,332 миллиард доллар

5. Ford — 13,106 миллиард доллар

6. Nissan — 11,411 миллиард доллар

7. Audi — 10,127 миллиард доллар

8. Volkswagen — 9,283 миллиард доллар

9. Land Rover — 4,987 миллиард доллар

10. Lexus — 4,329 миллиард доллар

Ө. Сансызбай