Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Авто / Ең, ең,ең... / Дүниежүзіндегі ең өтімді автокөліктер

Дүниежүзіндегі ең өтімді автокөліктер

Дүниежүзіндегі ең өтімді автокөліктер

Британдық Auto Express көліктер баспасы әлемдегі ең көп сатылған автокөліктердің тізімін жариялады. Сатылған көліктер саны ондаған миллионды құрып, дүниежүзінің жер-жеріне таралған. Бұл үлгілер көлік индустриясының дамуының көрсеткіші ретінде танылады. Сонымен автоөндіріс тарихындағы ең көп сатылған көліктердің тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

 Тізімдегі бірінші көлік - Toyota Corolla. Бұл көлік үлгісі Жапония елінде сонау баяғы 1966 жылдан бері қазіргі таңға дейін өндіріліп келеді. Барлық сатылған көліктердің саны шамамен 35 миллионды құрап отыр. Corolla атауы кішкентай тәж дегенді білдіреді. Бұл үлгі өзіне тиеселі тәжін алған сияқты. Қазақстанда бұл көлік өте үлкен сұранысқа ие.

Ең көп сатылған көліктер тізімінің екінші  сатысында Ford F-Series  пикап шанағындағы  үлгі орналасқан. Көлік өндірісі 1948 жылы  басталып, қазіргі таңда осы үлгінің 33,9  миллион данасы жарық көрген. Британияның өзінде бұл үлгі өте әйгілі көліктердің бірі  болып табылады. 

Тізімнің үшінші сатысында әйгілі Volkswagen Golf. Қала көшелерінен бұл көліктің алғашқы үлгілерін бүгін де кездестіре аламыз. Естеріңізге сала кетейік, бұл үлгі «Әлемнің жыл көлігі» атты атағына ие болған еді. 1974 жылдан бері бұл үлгінің 27,19 миллион данасы сатылған болатын. Күні бүгінге дейін бұл неміс үлгісі әлемдегі ең әйгілі көліктердің бірі болып табылады.

 Немістің тағы бір үлгісі тізімді толықтырып тұр. Бәрімізге танымал Volkswagen Beetle  алғашқы  нұсқасында да ең әйгілі көліктердің қатарында еді. Арзан, әдемі көліктің жарық көруіне  Гитлер мен Porsche компаниясының негізін қалаушы  Фердинанд Порше өз үлестерін  қосқан  болатын. Бұл көліктің алғашқы үлгісі  1938 жылы жарық көрген. Сол уақыттан бері әлемде осы үлгінің 22,6 миллион данасы сатылған еді.

Ең көп сатылған көліктер тізімін Ford Escort тәмәмдап отыр. Escort - Ford компаниясының T үлгісінен кейінгі ең көп сатылған көлік. Бұл көліктің өндірісі 1967 жылы басталып,осы үлгі бүкіл Еуропа жеріне таралған. 1981 жылы осы үлгі АҚШ нарығына шығып, сол кездегі жапон көліктерімен бәсекеге түскен болатын. Ford Escort тарихында бұл көліктің 16,5 миллион данасы жарық көрген.

Суреттер likecarcom.com сайтынан алынған

3791 1
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 21 желтоқсан 2011, 14:46
Пікірлер
+0
22 желтоқсан 2011, 20:49

қайда барсаң да гольф қой )

+0
22 желтоқсан 2011, 21:23

Иә, гольф керемет көлік)

+0
24 желтоқсан 2011, 02:30

екі қадам сайын Алматыда гольф пен камри-30 көремін! Халық біледі, неге таңдау жасау керектігін....

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Үшінші аптаның үздік блогы
Үшінші аптаның үздік блогы

Үшінші апта қорытындысымен таныс болыңыздар

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет...
Ақыл деген қасиет...

дипломын алып, оқыған біліміңізден тоқығаныз...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...