Еуропаның ең қауіпті көлік жүргізушілері...

Еуропаның ең қауіпті көлік жүргізушілері...

Sonntags Zeitung басылымының мамандары Еуропада жыл бойына орын алатын жол-көлік оқиғаларына (милициялардың есеп берулерімен қоса) сараптама жасады. Нәтижесі - Еуропадағы ең қауіпті көлік жүргізушілері Швейцарияда өмір сүріп жатыр. Берндегі 10 000 көліктің әрқайсысына жылына 31,9 апаттан келеді екен.

Euromag.ru сайтының хабарлауынша, Берн қаласында көлік апаттары жиі ұшырасады екен. Оның ішінде, ішімдік ішкен, есірткі өнімін пайдаланған көлік жүргізушілері. Сосын бір айта кетерлігі, көлік апатына көбіне тәжірибесіз көлік жүргізушілер, оның ішінде ер адамдар ұшырайтын болып шыққан.

Тағы бір анықталғаны, Берннің жолынан басқа, елдің солтүстік-шығысында орын тепкен Люцерн мен Аппенцелль-Иннерроден кантонының жолдары қауіпті саналған. Аталған қорытындыға өткен жылғы жол-көлік оқиғаларында орын алған 54 916-ке жуық хаттама өз септігін тигізсе керек. Тізімнің қақ ортасында жылына 23,5 жол апаты орын алатын Цюрих қаласы орналасты. Ал тізімге Швейцарияның ең қауіпсіз жері болып, жылына 13,3 жол апаты орын алатын Ури кантоны іліккен. 

Екі арада милиция қызметкерлері де осы бір статистиканы түсіндіріп беруден бастарын ала қашқан. 

Сурет:newsfiber.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига