Ең арзан автокөлік - Tata Nano

Ең арзан автокөлік - Tata Nano

Көлік таңдаудағы ең басты мәселе оның бағасы болып табылады. 2009 жылы жарық көрген Индиялық Tata Nano көлігінің бағасы бар- жоғы 2300 АҚШ доллар. Tata Nano-ның біз үйренген көліктерден бір ерекшелігі бар. Бұл көліктің рөлі салонның оң жағында орналасқан. Осындай көліктің сол рөлді түп нұсқасы 6000 долларға бағаланып тұр. Жер мен көктей айырмашылықты байқаған шығарсыз? Tata Nano-ның қымбат нұсқасы Еуропа нарығына бағытталған. Nano өлшемдері жайлы айтып кетсек, қоңызға ұқсайтын көліктің ұзындығы 3, ені мен биіктігі 1,5 м шамасында. Өндірушілердің сөздеріне сенетін болсақ бұл көлік 5 адамды оңай сыйғыза алады. Арзан көліктердің екінші сатысында көрші Қытай елінің өнімі Chery QQ орналасқан. Қоңызға ұқсайтын көліктің бағасы 4800 доллар.

     

      Ең арзан Tata Nano көлігі

                   

Арзан көліктер тізімінің екінші сатысында Қытай өнімі Chery QQ орналасқан.

3. Suzuki Maruti 800 – $4994
4. Geely MR – $5500
5. Lada-2105 – $7600
6. Geely HQ SRV – $5780
7. Daewoo Matiz – $6981
8. Chery A1 – $7400
9. «Ока» – $5600
10. Lada-2113 – $8460

Суреттер www.aqsa-newscom.blogspot.com, automotors.org.ua сайттарынан алынған