Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Авто / Ең, ең,ең... / Еліміздегі ең қымбат көліктердің ондығы

Еліміздегі ең қымбат көліктердің ондығы

Еліміздегі ең қымбат көліктердің ондығы

 Қазақстандағы ең қымбат темір тұлпарлардың тізімін құрастыру үшін Tengrinews.kz ақпараттық порталы "Колеса" сайтындағы барлық сатылатын көліктердің жарнамаларын ақтарып шығып, қарапайым халықтың қалтасы көтермейтін 10 үлгіні таңдаған. Бұл тізімге жаңа және қолда болған көліктер енген. Назарларыңызға сол көліктерді ұсынамыз.

Бұл тізімдегі ең қолжетімді көлік Ford GT спорт үлгісі. Көлік жаңа (2006 жылы құрастырылған) болмаса да, оның бағасы 290 мың АҚШ доллар шамасында.

2007 жылы Италия жерінде құрастырылған Ferrari-599 GTB-дің еліміздегі бағасы 310 мың доллар.

Британдық 2010 жылғы Bentley Continental тізімнің сегізінші тармағында орналасқан. Бұл премиум санаттағы көлік үшін қожайыны 349 888 долларды сұрап отыр.

Келесі үлгі де ағылшын көлік өндірушісінің өнімі - Rolls-Royce Phantom. Темір тұлпар 2005 жылы құрастырылса да, бағасы төмен емес – 350 мың.

Немістің Mercedes концерні де осы тізімге еніп, қымбат көлік дәрежесіне ие. Алтыншы орынға 2010 жылы шыққан S65 AMG темір тұлпары орналасып, бүгінгі таңда осы көлік 360 мың долларға бағаланып отыр.


Бесінші мен төртінші орынды екі бірдей Bentley Continental жеңіп алған. Екеуі де 2011 жылы зауыт конвейерінен шығып, нарыққа сатылымға шыққан. Бағалары сәйкесінше 367 мен 413 мың АҚШ доллар.

Үшінші орында әйгілі Ferrari Enzo. Италия авто өндірушінің өнімі 2011 жылы құрастырылып, 450 мың долларға бағаланып отыр.

Қымбат көліктер тізімінің екінші сатысында кезекті Bentley Continental орналасқан. Bentley Continental конвейерден 2010 жылы шыққанымен, бір де бір шақырым өтуге үлгермепті. Сондықтан оның бағасы 456 888 доллар. Бұл көлік әшекейлі бұйымдармен қапталып, премиум санаттағы аудио жүйемен жабдықталған.


Қазақстандағы ең қымбат көлік ретінде ЗИС-110Б Кеңес өкіметі заманында жарық көрген үлгісі танылады. Раритетті көлік 1947 жылы шығарылып, барлық бөлшектері түпнұсқа қалпында сақталған. 1947 жылы шыққан көлік үшін қожайыны жарты миллион доллар сұрап отыр. Раритетті көліктің бағасына оның өндірілген жылы мен саны әсер еткен көрінеді. Әлемде бұндай көліктің 20 данасы ғана бар.

Суреттер kolesa.kz сайтынан алынған

2433 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 02 қаңтар 2012, 15:00
Пікірлер
+0
02 қаңтар 2012, 13:16

Қымбат көлік көптеген жандардың арманы екені сөзсіз. Шамам жетсе, 1 қымбат көліктің орнына бірнеше керекті дүниелерді алар едім. Эх))

+0
02 қаңтар 2012, 14:24

Жарты миллион қаражатым болса, нені сатып алмайтынымды дәл біліп отырмын

+0
02 қаңтар 2012, 19:30

Қымбат болғанымен, мына мәшинелер ойыншық сияқты:) Мен одан порш немесе Х-5 алушы едім:)))

+0
02 қаңтар 2012, 19:56

Менің ағам "Колесо"-ны күнде қарайды. Осындағы "Авто" бөлімін де рекомендейін.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...