Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Авто / Ең, ең,ең... / 100 шақырымға 50 мл отын тұтынатын көлік

100 шақырымға 50 мл отын тұтынатын көлік

100 шақырымға 50 мл отын тұтынатын көлік

Испандық Мигель Эрландс атындағы университетінің студенттері 100 шақырымға 50 мл отын тұтынатын көлікті ойлап тапты. Ал жанармайдың бір литрі 2000 шақырымды жүріп өтуге жетеді, - деп хабарлайды Auto.mail.ru. Қазіргі жанармай тапшылығын ескеретін болсақ, бұл өте жағымды жаңалық болмақ.

Студенттер өз өнертабысына Datil 12 деген атау қойған екен. Бұл көлікті жобалаудан бастап, толығымен салып болғанша, 9 ай уақыт кеткен. Оның салмағы 38 келі, ұзындығы 3,2 метр болса, ені мен биіктігі 60 сантиметр.

Суперүнемді темір тұлпар Ротердамда 17-19 мамыр аралығында  жыл сайын өткізілетін Shell Eco-Marathon атты байқауда халық назарына көрсетілмек. Бұл жылы осы шараға 250-ге жуық команда қатысады. Бұл байқаудың басты мақсаты - жанармайды мейлінше аз тұтынып, ұзақ қашықтықты жүріп өту болып табылады. Ең бастысы көліктердің жылдамдығы 25 шақырым/сағаттан кем болмауы тиіс.

"Испандық суперкөлік" жобалаушыларының бірі профессор Мигель Оливаның айтуы бойынша, оның командасы ертеректе де бұл жарысқа қатысып, өте жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген. Өткен жылы Оливаның құрастырған көлігі 1 литр жанармаймен 1455 шақырым жерді жүріп өткен екен. Бұл жылы Datil 12 көлігінің трансмиссиясы мен қозғалтқышына елеулі өзгерістер енгізіліп, оның техникалық мінездемелері жақсартылған болатын.

Бұндай көліктер сериялық өндіріске шыға ма, жоқ па, әлі белгісіз. Бірақ, бұндай машиналарға сұраныстың жоғары болатыны айдан анық.

Сурет:auto.mail.ru

1569 4
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 14 мамыр 2012, 12:31
Пікірлер
+0
14 мамыр 2012, 12:53

жанармайдың бір литрі 2000 шақырымды жүріп өтуге жетеді :!: Керемет :!:

+0
14 мамыр 2012, 14:06

бакты бір толтырып қойсаң, қашан құйғаның есіңнен шығып кететін шығар! Осылар бәле-ей бар ғой!

+0
14 мамыр 2012, 17:50

ҚазМұнайГаз аман болса мұндай көлікті біздің елге кіргізбес. Мұнай сату арқылы нан жеп отыр ғой! Нан, ет, май, уылдырық...

+0
15 мамыр 2012, 11:17

Мә, 1 литр 2000-ға жетсе, ауылға барып қайтам))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...