Қараусыз қалған фермадан Jaguar-дың ескі моделі табылды

Қараусыз қалған фермадан Jaguar-дың ескі моделі табылды
Фото: chicagocarclub.com

АҚШ-тың Айова штатындағы қараусыз қалған ферма қоймасынан 36 жылдан бері жатқан Jaguar MK2 седаны табылды. Ферманың қазіргі иесі оны бәссауда арқылы сатып алған, бірақ құжаттарда машина туралы ештеңе жазылмаған.

Табылған көлік Jaguar-дың күшейтілген қозғалтқышпен жабдықталған нұсқасы екені белгілі болды. Қуаты 223 ат күшіне тең. Ол 97км/сағат жылдамдықты 8,5 секундта бағындырады. Jaguar-дың бұл моделі 1959-67 жылдар аралығында шыққан. 

© auto.ru

© auto.ru

Табылған темір тұлпар айнасындағы уақытқа қарағанда, ол соңғы рет 1983 жылы тіркеуден өткен. Ягуардың түпнұсқа салоны жақсы сақталғанымен, кейбір бөлшектері қайта жөндеуді талап етеді. Седанның жүксалғышында жақсы сақталған дөңгелек қақпақтары да табылған.

Қалпына келтіргеннен кейін автомобиль бағасы 30-35 мың доллар болуы мүмкін.

Т. Раушанұлы