Фаралары ең сапалы көліктер анықталды

Фаралары ең сапалы көліктер анықталды
Фото: thescoop.co.kr

АҚШ-тың жол қауіпсіздігі сақтандыру компаниясы – IIHS 2018 жыл қорытындысы бойынша темір тұлпарларға тәжірибе жасап, олардың жартысынан астамының фаралары жолды жеткілікті деңгейде жарықтандыра алмайтындығын және қарама-қарсы бағыттағы көлік жүргізушісінің көзін қатты шағылыстыратындығын анықтады. Сараптамаға қатысқан 165 модельдің 32-сі ғана жақсы нәтиже көрсеткен.

2018 жылы институт 165 түрлі автокөліктің 32-сі жоғары дәрежеде, 58-і қанағаттанарлық, 32-сі төмен дәрежеде және 43-і өте нашар деңгейде жолды жарықтандыратынын мәлімдеді. Осы бойынша автокөліктердің 67 пайызы белгіленген жол қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Ең жоғары бағаға Genesis G90 және Lexus NX маркалы көліктер лайық деп табылған. Chevrolet Volt, Genesis G80, Mercedes-Benz E-Class және Toyota Camry көліктері қанағаттанарлық деген баға алса, Honda HR-V, Toyota C-HR және Infiniti QX60 машиналарының фаралары өте нашар болып шыққан. 

IIHS тәжірибелері түнде өткізіліп, арнайы сенсорлар көмегімен әрбір көліктің тура бағыттағы және бұрылыстың 4 түрінің ( оң және сол, ақырын және тез) жарығы өлшенген. Бұл сараптамалар институттың арнайы "Top Safety Pick+" сыйлығына ие автомобильді анықтау үшін жасалады.

Т. Раушанұлы