Lamborghini-ді шимайлауға мүмкіндік алсаңыз, не жазар едіңіз?

Lamborghini-ді шимайлауға мүмкіндік алсаңыз, не жазар едіңіз?
Фото: mail.ru

"Естімеген елде көп", әлемде түрлі қызықтың орын алып жатқандығы белгілі. Соның бірі құны 170 мың АҚШ долларынан аса тұратын Lamborghini Gallardo суперкарының қазіргі бейнесі болып тұр. Дат суретшісі Долк Лундгрен мұражайға келген қонақтарға темір тұлпарға жазу еркіндігін берген. Мұндай баққа ие болған жандар тез арада көліктің өңін өзгертіп жіберген. Бірі өзінің есімін, ал бірі жүрек салып, ғашығының атын жазса, енді бірі өзге де керемет сөздерді әспеттеп бейнелеген. Барлығы біткеннен кейін Lamborghini Gallardo автокөлігінің алдыңғы, артқы бөлігі, есігі, дөңгелегінің айналасы және жүк салғышы жазумен көмкерілген. 

Дол Лундгреннің сөзіне сүйенсек, темір тұлпар өзінің мұражайда тұруға қақысы бар түріне енді ғана енген. Оны қайтадан түске бояп өзгерту суретшінің ойында жоқ екен. 

B. ZHAQSYMBET