Қытай мамандары әйелдерге арналған көлік жасап шығарды

Қытай мамандары әйелдерге арналған көлік жасап шығарды
Фото: Allroader.ru

Қытайдың  Zotye компаниясы ерекше көлік ойлап шығарды.  Немістің "Porsche Macan" маркалы автомобиліне ұқсайтын темір тұлпардың артықшылығы тек қыздарға арналған. Қытайша "Nunsheng" деген атқа ие болған бұл қозғалыс құралы ағылшынша аударғанда "ханшайым" деген мағына береді екен. Аталған көліктің түсі қыздардың ойындағыдай боялған. Мамандардың айтуы бойынша бұл көлік құралы әлемдік деңгейде сатылымға шықпаса да, Ханзу елінде үлкен сұраныста болатынын алға тартуда. Шет елге "Zotye SR9" ал, өздеріне "Nunsheng" деген атпен таралатын көлік бүгінгі күнде көптеген сынақтардан сүрінбей өткен.

Мұндай автокөлікті болашақта біздің жолдардан да көріп қалуымыз ғажап емес. Өйткен қытайдың жаңа үлгідегі біраз темір тұлпарын отандастарымыздың да тізгіндеп жүргені белгілі. 

B. ZHAQSYMBET