Жасанды интеллекті бар автокөлік

Жасанды интеллекті бар автокөлік
Фото: vk.com

Toyota Concept-i автокөлігінің прототипі жыл сайын өткізілетін CES технологиялар көрмесінде жұртшылық назарына ұсынылды.

Автокөліктің борт-компьютері Yui аталатын жасанды интеллектімен жасақталған. Оған көлік жолаушыларының көңіл-күйін аңғаруды үйретуге болады. Көлікке арнайы сенсор, камералар және мониторлар орналастырылған.

Concept-i көлігінің борт-компьютерінде екі жұмыс режимі бар: қорғаушы және жүргізуші. Бірінші режимде жұмыс істеген кезде көлік өз-өзін басқарады. Ал, екінші режиммен жұмыс істесе, толықтай адамның бақылауына өтеді. Осылайша Toyota компаниясы тұтынушыларға таңдау ұсынғанды жөн көріп отыр.

Мұның алдында Toyota жасанды интеллект жасап шығаруға бір миллиард доллар жұмсауды жоспарлап отырғаны белгілі болған еді. Жасанды интеллект жасаушы компания АҚШ-тағы Силикон жазығында орналасып,  Toyota Research Institute деген атау алады. Компания Стэнфорд университеті және Массачусетс технологиялық институтымен бірігіп жұмыс істейтін болады.

Жаңа көліктің прототипі қандай екенін бірге тамашалайық:

А. Оралқызы