"Ауди" компаниясы жаңа жарық ойлап тапты (видео)

"Ауди" компаниясы жаңа жарық ойлап тапты (видео)
Фото: youtube.com

Бүгінгі таңда шығып жатқан автокөліктер легі тым дамып кеткенін барлығы жақсы біледі. Адамның ыңғайына қарай жасалған темір тұлпарлар отырған жанды бірден баурап алады. Осы тұста әлемнің көлік шығарудағы алдыңғы қатарынан табылатын "Ауди" автокөлігінің инженерлері ойлап тапқан тың жаңалықты назарларыңызға ұсынамыз. Жаңадан шыққан көліктің артынан жанатын жарықтар жанартаудан ағылған от секілді көрінеді. Бұдан бұрын ешбір көлікте пайдаланбаған жаңа дүние әлем назарын өзіне аударды. Бір сөзбен айтқанда, жаһанға тың жаңалық алып келген "Ауди" компаниясының осы үлгісі жақсы болса, өзге компаниялар да ұқсатып жасайтыны белгілі.  

B. ZHAQSYMBET