«Атыспақ» ойынына арналған жаңа костюм

«Атыспақ» ойынына арналған жаңа костюм
Фото: posercontent.com

Бала күніңізде «атыспақ» ойынын ойнаған боларсыздар. Қолымызды пайдаланып бірімізді-біріміз қуып жүріп, өтірік ататын едік. Ендігі жерде SuperSuit құрастырушылары тек балаларға арналған емес, үлкендерге де ойнауға болатын костюм ойлап тапты. Костюмнің ерекшелігі сіз ол жерде өтірік атып, құтылып кете алмайсыз.

SuperSuit құрастырушылары қазір indiegogo платформасы бойынша қаржы жинап жатыр. Жалпы өндірісте SuperVest, SuperGlove, SuperBot атаулары бойынша құрылымдар бар. Үш құрылым кеудеге, иыққа және қолға қолғап ретіндегі үлгіде жасалып шықты.

Ойын кезінде сіз қолғап секілді құрылғыңызбен қарсыласты «аттым» деп айғай салмайсыз, сіздің орныңызға техника жұмыс істейді. Нысанаға дөп тиген жағдайда құрылғы дыбыс беріп, түсін өзгертіп қана қоймай, «дірілдеп» кетеді. 

Дәл қазіргі уақытта костюм кеудеге ыңғайлы болу үшін ғана жасалды.  

М. Ақан